№2 қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, әдістемелік орталық директоры Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, жеке кәсіпкер Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты» КМҚК есепшісі Қансұлу ЖАМЕЛОВАҒА, әдістемелік орталықтың маманы Бейбіт ЗАБЕНОВКЕ, есепшісі Құндыз ИМАНҒАЗИВАҒА үкім шығарды.
Н. Сайлауова ҚР ҚК-нің 361-бабы 3-бөлімі ("Жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғаның билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағы ("Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша кінәлі деп танылып, төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясы) 2 жылға бас бостандығы мен өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды орынға отыру құқығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын өтеу мерзіміне 2019 жылғы 18 наурызынан бергі тергеу абақтысында отырған күндері (бір күн екі күн болып есептеледі) қосылады.
Р. Қабдолова 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы ("Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") және 190-бабы 3-бөлімі 2-тармағы ("Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам жасаған алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығын айыру жазасы белгіленді. Сот залында қамауға алынды.
Қ. Кенжеғалиев 189-бап 3-бөлімі 2-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану"), 190-бап 3-бөлімі 2-тармағы, 361-бап 1-бөлімі және 366-бап 1-бөлімі (Пара алу) бойынша кінәлі деп табылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді.
Ғ. Қабекенов ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлімі 1, 2-тармағы ("Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған ірі мөлшерде бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 190-бап 3-бөлімі 2-тармағы және 362-бап 2-бөлімі (Билігі мен лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот залында қамауға алынды.
Н. Мажитова 189-баптың 4-бөлімі 2-тармағы бойынша айыпты болып, 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот залында қамауға алынды.
К. Иманғазиева, Б. Забенов және К. Жамеловаға 4 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы берілді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ