Атырау, 23 қараша 02:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраулықтар макарон, ұн және консервілерді толтырып алып жатыр

5 207 просмотра


Атырау супермаркеттерінде ұзақ мерзімге сақталатын азық-түлікке сұраныс көбейгені байқалады. Халық макарон, жарма, ұн және консервілерді көбірек сатып алуда.

Дүкендердегі наурыздың ортасындағы әдеттегіден бөлек сапырылыс наурыз мерекесінен гөрі жаңа жыл алдындағы дайындыққа ұқсайды дейді «Ярмарка» Сауда үйі» ЖШС коммерциялық директоры Әлия БУКАНОВА. Бұл жақында болған теңгенің құнсыздануына байланысты халықтың әрекеті ме?

- Таңғаларлығы, бұрын өтпей тұратын келілеп сатылатын макарондарға сұраныс артты. Тіпті Оралға тағы бір партиясына тапсырыс бердік. Жалпы, тауарлардың орнын бос қалдырмауға тырысып жатырмыз, әсіресе әлеуметтік маңыздыларына көбірек көңіл бөлінеді. Бағаны аяқасты өсіру көзделмейді. Келісімшарттарға сәйкес тауар жеткізушілер тез бұзылатын азық-түлікке 14 күн бұрын, ал ұзақ мерзімге сақталатын және химия өнімдеріне бағаны өсіретіні туралы 30 күн бұрын ескертуі тиіс, - дейді Ә.Буканова.



Дегенмен де, тауар жеткізушілер сауда жүйесі өкілдеріне хабарлама жіберуді бастағаны белгілі болды. 1 сәуірден бастап «Цесна» өз тауарларының бағасын өсіруде, ал «Алмалы құс» жұмыртқаның көтерме бағасы 26 теңге болады деп хабар берді.

Басқа супермаркет жүйелерінің өкілдері де кешеден бері сауданың күрт өскенін байқаған. Сондай-ақ, олар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың  бағасы көтерілмейді деп сендірді. Фирмалардың үлестіру орталықтары мен қоймаларда азық-түлік және басқа да тауарлар жеткілікті, түгесіліп қалады деп барлығын жаппай сатып алудың қажеті жоқ.


Бұл қолдан жасалған дүрбелең, ол доллардың курсына байланысты болуы да мүмкін. Адамдар шетел валютасының бағамы өссе, тауарлар да қымбатсиды деп ойлайтын шығар, - деп «Идеал Маркет» ЖШС («Идеал» және «Лидер» дүкендерінің желісі) коммерциялық директоры Раиса ГАЛОЧКИНА өз ойымен бөлісті. – Дүрлігудің қажеті жоқ, тауар жеткілікті. Жасалған шарт бойынша тауар жеткізуші серіктестеріміз бағаның өсуі туралы алдын ала хабарлауы тиіс. Бұған алаңдауға ешқандай негіз жоқ, себебі олармен хабарласқан кезде, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы өспейтінін айтты. Сондықтан уайымдап отырған жоқпыз.

«Марко» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Сымбат ТЕМІРЖАНОВАНЫҢ айтуынша, олардың дүкендерінде мұндай сапырылыс байқалмайды.

Қызметкерлер сөрелердегі халық сұранысына ие болған тауарлардың босаған орнын сол бойда қайта толтыруда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ   

13 наурыз 2020, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.