Атырау, 23 қараша 02:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ысырапшылдыққа жол берілмесін

7 649 просмотра



Атырау облысында жаназа мен жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдық әлі азайған жоқ. Қаралы отбасындағы садақада ас та төк дастархан жаю жойылар емес. Осындай исарапқа жол бермеу Павлодар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе өңірлерінде бір деңгейге түсті. Ал Атырау облысында бұл әлі де тиылар емес. Бұл туралы «Иманғали» мешітінде болған дөңгелек үстелде сөз болды.

- Біздің мақсатымыз - шариғатқа қайшы келетін нәрселерді тиып, қайғы түсіп жатқан шаңыраққа мейлінше жеңілдік жасау, - дейді орталық мешіттің бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ. Ардагерлер мен имамдар қатысқан жиында Үндеу қабылданды. Онда дастарханның қарапайым болуы, жаназа алдындағы қонақасын мейрамханада емес, үйде өткізу, садақаны бәсекеге айналдырмау, жаназа намазы алдында митингі жасауды доғару туралы мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, садақаның ас мәзіріне нан, бауырсақ, шелпек, кәмпит, печенье, бір ыстық тамақ, қант, қаймақ, құрма, су және шәй енді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Инфографиканы дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 наурыз 2020, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.