Ауылшаруашылығы министрлігі сайтында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау аймақтық инспекциясы бастығы лауазымы бос тұрғаны туралы хабарлама жарияланды. Бұрын ол орында Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ басшылық еткен еді. Не болғанын анықтау үшін «АЖ» тілшісі Бисенғалиевтің өзіне жолықты.
Ол ештеңе жасырмай, болған жағдайды айтып берді.
-Мен жол ережесін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылдым. Оған дейін бір рет сөгіс алғанмын. Жарты жылда екі тәртіп бұзушылық жасағаным үшін Тәртіптік кеңес менің қызметімді басшының орынбасарлығына дейін төмендетті. Осыған сәйкес басшының орны бос.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ