Атырау, 23 қараша 07:58
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауға премьер-министр Асқар Мамин келді: Балық шаруашылығы мамандарымен кездесу құпия өтті

Толықтырылды
5 341 просмотра


Бүгін, 27 ақпанда, Атырауға қызметтік сапарымен ҚР премьер-министрі Асқар МАМИН келді. Күні бойы ол «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» мен «Каспий плюс», «International Pipeline Structure Solutions Caspian», «Амангелді атындағы», «Caspian Contractors Trust Atyrau» және «Caspian Royal Fish» ЖШС-терінде болып, бірқатар кездесулер өткізеді.

Балық өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі негізгі кездесу Нұрлан Балғымбаев атындағы орталықта өтеді.

Түстен кейін «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесінде Мақат ауданында жаңадан салынатын газ өңдеу зауытының құрылысы туралы жиын өтпек. Бірақ ол жерде бұқаралық ақпарат құралдары болмайды.

Жергілікті балық шаруашылығы басшыларымен кездесу де БАҚ үшін жабық болды.

Бір күн бұрын журналистерді аккредиттациядан өткізіп, таңертеңгі сағат 10-да Нұрлан Балғымбаев атындағы орталыққа келу керектігін айтқан еді. Бірақ премьер-министр келген бойда өзін баспасөз хатшысымын таныстырған бір әйел барлық журналистердің, оның ішінде ресми БАҚ-тың кетуін өтінді.

Балық мәселесіне қатысты кездесудің аяқ астынан неліктен құпия бола қалғаны әзірге белгісіз. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі кездесудің қорытындысы туралы ақпараттың кейінірек берілетіндігін айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 ақпан 2020, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.