Атырау, 23 қараша 07:25
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шатырды өрттен қорғайтын құрал да қорғай алмады

Толықтырылды
2 556 просмотра


Махамбет көшесіндегі №121 үйдегі өрт кезінде ең көп зиян шеккен бесінші қабаттағы екі пәтер, қазір олар демеушілердің көмегімен қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте журналистер 2012 жылы қайта жаңғырту  кезінде өрттен қорғайтын «Негорин» құралымен жабдықталған шатырдың қалайша жанып кеткеніне түсінбестік білдірді.

 – Содан бері шамамен 8 жыл өтті, ол өз құрамын жоғалтты деуге болады. Өрттен қорғайтын материалды екі жылда бір рет жаңартып отыру керек. Өрттен кейін комиссия құрылды, қазір олар белсенді жұмыс атқарып жатыр, - деді Қ.Хабиев.

Оның айтуынша, бірінші күні подъезді құрғату жұмыстары жүргізілген, келесі күні электр желісі қалпына келтірілді, ал кейін газ бен су берілді. Қазір шатырларды қалпына келтіру  және барынша зиян шеккен екі пәтер жөнделіп жатыр. Басқа пәтерлерге өрт салдарынан келтірілген шығын анықталуда. Барлық пәтерлер тексерілуде, алайда шамамен пәтерлердің 10%  үй иелерінің үнемі жоқ болуынан тексеру мүмкін болмаған. Пәтерлерді тексеру қорытындысы қалалық әкімдікке жолданатын болады.

«АЖ» сайтында осы мақала жарияланған соң ең көп зиян шеккен екі пәтердің бірінің, яғни,  №20 пәтердің иесі – Арман ЛЯН хабарласты. Ол ешкімнің жөндеу жұмыстарын бастамағанын, пәтердің кілті өзінде екенін айтты.

- Менің білуімше, билік жөндеу жұмыстарының бағасына келісе алмай жатқан сияқты. Олар төмен бағаны ұсынып отырған болар, сондықтан да ешкім бұған келісе қоймайды ғой. Оның үстіне бізге едендерді ашпайтынын, кафельді тек жуып қана қоятындарын айтты, яғни, тек жеңіл-желпі ғана жөндеу жүргізбек. Пәтер толығымен жанып, күрделі жөндеуді қажет ететіндігіне ешкім қарап жатқан жоқ. Қазір біз қолайсыздықтарға қарамастан Жұлдыз ықшам ауданындағы өте салқын пәтерлерде тұрып жатырмыз. Мен Нұрсаяда, әйелім АМУ жұмыс жасайды, үлкен баламыз мұнай және газ университетінде, одан кішілері №12, №21 мектептерде оқиды. «Жұлдыздан» қаланың барлық бағытана бару отбасы үшін қандай қиын екенін өздеріңіз ойлап қараңыздар. Ал жөндеудің қашан басталатыны да белгсіз, - дейді ашынған Арман.  

Уәде етілген бір реттік әлеуметтік жәрдемақыны пәтері зардап шеккендер әлі алған жоқ. Алайда адамдарға бұл қаржы өте қажет, өйткені, өрт барлық тұрмыстық техника мен киімдерді бүлдіріп тастаған. Ал оларға жұмысқа, сабаққа киіп баратын киім қажет.

Көмек қолын созған қалалықтар бар екен, олар зардап шеккендердің карталарына ақша салып жатыр деген ақпарат бар. Бірақ олар ешкімнен көмек сұрамағандарын айтады, өздерінің банк карточкаларына адамдардан ақшалай көмек алмаған. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 ақпан 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.