Атырау, 26 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда көпқабатты үй өртеніп жатыр

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
10 154 просмотра


Бүгін, 15 ақпанда,  Атырауда Махамбет көшесіндегі (Восток маңы) №121 үйде өрт шықты.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, өрт 5-қабаттағы пәтерден басталған. Қазір куәгерлердің  таратып  жатқан бейнежазбаларын көрсеңіз, сол үйдің төбесі түгел жалындап жатыр.




Кешке қарай өрттің егжей-тегжейі белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт сағат 16.22-де 5-қабаттағы пәтерде тұтанып, үйдің төбесіне өршіген. Өрт сағат 18.28-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Ауданы 24 шаршы метр бір бөлмелі пәтер өртеніп кетті.  

249 тұрғын үйден өздері шыққан, 30 адам құтқарылды.

Оқиға орнында барлығына медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға ешкім жеткізілген жоқ.

Осы оқиға бойынша штаб құрылып, сол жерде қалалық әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде, үй тұрғындарының тізімі жасалуда.

Өртті сөндіруге барлығы 48 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылды.

Өртенген №121 үйдің 1972 жылы салынғаны және 2011 жылы күрделі жөндеуден өткені белгілі болды.

Жаңалық жаңартылады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ және куәгерлер

15 ақпан 2020, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.