Атырау, 24 сәуір 11:55
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда VIP-номер сәннен шықты

3 213 просмотра


Атыраулық жүргізушілер қазір көліктеріне «әдемі» номер тағуға көп қызықпайтын болды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ.  

Атырауда арнайы мамандандырылған ХҚО 2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2019 жылы көлік тізгіндеген атыраулықтар 159 млн 794 мың теңгеге 830 ерекше көзге түсетін «крутой» номер иеленген. Ал осы жылда 18 млн теңгеге 94 номер сатып алған.

-Бұл бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым аз көрсеткіш, - дейді Н.Бақтығали. – Айта кетсек, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін таңдаған цифлар мен әріп белгілері бар номерді арнайы мамандандырылған ХҚО-мен қатар полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де ресімдейтін. Ал қазір тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының арнайы мамандандырылған ХҚО бөлімдерінде ресімделеді. Ұсыныстармен арнайы жасақталып ілінген тақталардан танысуға болады.   

Егер тақтада сізге қажетті номер белгісі болмаса, таңдауыңыз бойынша тапсырыс бере аласыз. Ол Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5 күн ішінде, ал басқа қалаларда 15 күн ішінде дайын болады.

Аймақтарды шолып өткенде, бүгінде VIP санатындағы мемлекеттік номерге қызығатын Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары екен.

Ал атыраулықтар көбіне 060, 777, 666, 999 және GUW (Атырау аббревиатурасы), XAN, III мен OOO  әріптер тізбегіне қызығады. 

Фархат ӘБІЛОВ

28 ақпан 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.