
Астанада қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифтері бекітілді. Жолақы маршруттың түріне және төлем тәсіліне байланысты болады.
Қалалық қарапайым және әлеуметтік маңызы бар маршруттарда қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде жолақы 150 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жол жүру құны — 110 теңге.
Экспресс-маршруттарда қолма-қол ақшасыз төлем кезіндегі жолақы 200 теңгеден 300 теңгеге дейін қымбаттайды.
Қала маңындағы маршруттарда электрондық төлем арқылы жол жүру тарифі бұрынғы 10 теңгенің орнына әр шақырымға 13 теңге болады.
Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жолақы жоғары болады:
Қалалық қарапайым маршруттар — 300 теңге;
Экспресс-маршруттар — 400 теңге;
Қала маңындағы маршруттар — әр шақырымға 19 теңге.
Жеңілдік санатындағы жолаушылар үшін әлеуметтік маңызы бар маршруттарда көлік картасы арқылы жүру тегін болып қалады.
Сондай-ақ электрондық төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылар қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.
Өзгерістер 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
В Атырау +20