Атырау, 23 қараша 07:55
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді құрманғазылық балықшыларға қалаға барудың қажеті жоқ

4 493 просмотра


Енді Құрманғазы ауданының балық шаруашылығы кәсіпорындарына өнімді экспорттау кезінде талап етілетін СТ-1 сертификатын ресімдеу үшін облыс орталығына келудің қажеті жоқ. Бұл балық кәсіпшілігімен айналысатын шаруашылықтардың және жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бірқатар кездесулердің нәтижесінде мүмкін болды.

Балық шаруашылығы мамандары өнімді экспорттауға арналған құжаттарды ресімдеу процесі ұзақ уақыт алатынын, ал балықтың тез бұзылатынын көптен бері айтып келеді. Ресімделетін құжаттардың қатарында – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы беретін СТ-1 сертификаты да бар.

Енді Өңірлік палата маманы балық аулау маусымында шекаралас Құрманғазы ауданына жіберіліп, ауданның балық шаруашылығы кәсіпорындары СТ-1 сертификатын Палата филиалынан ала алады.

Бірақ басқа да шешілмеген мәселелер бар. Атап айтқанда, балық шаруашылығының өкілдері өнімнің ветеринариялық сертификатын беру мерзімін қысқартуды ұсынды. Олар бір күн ішінде электронды шот-фактураларды мемлекеттік кірістер органдарында куәландыру керектігіне де қынжылыс білдірді. Бұл мәселелерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің жүйелі проблемаларын шешу мақсатында құрылған Тізілімге енгізу үшін «Атамекен» ҰКП-не жолдады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 ақпан 2020, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.