Атырау, 15 қазан 15:28
 дождьВ Атырау +25.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

​«Атырау» ФК «Судоремонтникке» оралғаннан кейінгі алғашқы матчын өткізді

Сурет
108 рет қаралды

«Атырау» футбол клубы өзінің «Судоремонтник» стадионында кезекті матчын өткізді. Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясындағы команданың қарсыласы семейлік «Елімай» болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жанкүйерлер алғашқы голды 39-минутта көрді. Қонақтардың жартылай қорғаушысы Арсен Әшірбек «Елімайды» алға шығарып, командалар үзіліске 0:1 есебімен шықты.

Екінші таймда «Атырау» қысымды күшейтіп, 85-минутта есепті теңестірді. Дорде Пантелич қарсылас қақпасына доп соғып, алаң иелеріне оң нәтижеден үміт сыйлады.

Дегенмен, бұл теңдік екі-ақ минутқа созылды. 87-минутта Жан Әли Пайруз «Елімайды» қайтадан алға шығарды.

Нәтижесінде кездесу 2:1 есебімен «Елімайдың» пайдасына аяқталды.

Матчтан кейін «Атырау» ФК бас бапкері Самат Смақов нәтиже команда көңілінен шықпағанын мойындады.

«Әсіресе, екінші таймда ойыншылар үзілісте берілген тапсырманы орындауға тырысты. Дегенмен, жеңіске жете алмадық. Енді жіберілген қателіктерді талдап, алдағы кездесулерге дайындаламыз», — деді Смақов.

Бүгін, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.