Атырау, 15 наурыз 10:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​ Қоғам

​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​

Қала тазарту қызметін жақынырақ білу үшін бір күн «Арнайы автобаза» қызметкері болуды ұйғардым. Бірақ сынақ аяқталғанда арқамның қатты ауыратынын білгенде мұны жасамас едім. Сурет Бейнежазба 14 ақпан 2019, 00:00 4 501 рет қаралды
Атыраудағы ит-өмір Қоғам

Атыраудағы ит-өмір

Атырауда бұралқы иттер аз емес. Олар тобымен әр түкпірден шыға келіп, жүргіншілердің зәресін алады. Кейбірі, керісінше, жалғыз-жарым жүреді. Құйрықтарын бұлғаңдатып, жылы алақанымен сипар деген үмітпен адамдарға жақын жүруге тырысады. Бұлар – қожайындарына керек болмай, қуып жібергендер қатарынан. Қай-қайсысына да, ерте ме, кеш пе, улы жебе тиері сөзсіз. 14 ақпан 2019, 00:00 4 500 рет қаралды
Кезектің соңы - 20064 Басқа жаңалықтар

Кезектің соңы - 20064

Биыл Атырау қаласындағы Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелерінің автокөлік жолдары кеңейтіліп, төсемтастар мен жаңа аялдамалар қойылып, көше жарықтары жаңартылатын болады. Сондай-ақ, мұнайлы астанада 300 ойын алаңы салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір КЕЙКІН мәлімдеді. Ал су бұрқақтарды күтуге тура келеді. 13 ақпан 2019, 19:25 3 671 рет қаралды
Біздің әкім кім? Басқа жаңалықтар

Біздің әкім кім?

13 ақпанда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ қала тұрғындарының алдында 2018 жылдың есебін берді. Әрі қарай сұрақ-жауап кезінде әкім өзінің кім екені туралы да сауалға жауап беруге мәжбүр болды. Сурет 13 ақпан 2019, 18:13 4 063 рет қаралды
Алтын алқаның артында Қоғам

Алтын алқаның артында

Астанада ата-анасы түнде жұмысқа кеткен кезде өртеніп кеткен бес баланың қайғылы қазасы елді аяғынан тік тұрғызды. Билік өкілдері көпбалалы отбасылардың жағдайына аяқ астынан көңіл бөле қойды, ал бұған қаншалықты шындап кірісетіндігі және қанша уақытқа созылары басқа мәселе. «AЖ» тілшісі балалары көп атыраулық екі отбасына барып, олардың жағдайы қиын болса да үміттерін үзбегеніне көз жеткізіп қайтты. Сурет Бейнежазба 13 ақпан 2019, 14:48 6 647 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

№2 Атырау қалалық соты Т.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық істі қарады. Анықталғандай, өткен жылдың 21 тамызына қараған түні Т.Б. бұрынғы сыныптасын Авангардтағы үйдің кіреберісінде кездестіреді. Басталған әңгіме ұрыс-керіс пен төбелеске ұласып, Т.Б. құрдасын бірнеше рет жұдырығымен бетінен ұрып, қылмыс орнынан кетіп қалады. Сот Т.Б.-ны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. 13 ақпан 2019, 11:45 2 570 рет қаралды
Ана болуға асықпа, қызым Басқа жаңалықтар

Ана болуға асықпа, қызым

Жылыой ауданында кәмелет жасына толмаған қыздардың жүкті болу фактісі көбейген. Аудандық аурухананың әйелдер консультациясының меңгерушісі Марат АЛДАБЕРГЕНОВТІҢ айтуынша, өткен жылы 18 жасқа дейінгі 36 қыз жүкті болған. Олардың біреуі 15 жаста, сегізі  16 жаста, қалғаны 17 жаста екен. 13 ақпан 2019, 10:15 3 151 рет қаралды
«Ескі Гурьевтің балшығы бізде» Басқа жаңалықтар

«Ескі Гурьевтің балшығы бізде»

Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауылішілік жолдарының күйсіздігін тұрғындар кезіндегі «атақты» Гурьев балшығымен теңестіреді. Аудан орталығы   топырағы тұзды, сортаң жерде орналасқан. Cәл жаңбыр жауса, ауыл іші ми батпаққа айналып, адамдардың аяғынан резеңке етік түспейді.  Сурет 13 ақпан 2019, 09:58 4 964 рет қаралды
Екі зауыт - бір заңды тұлға Басқа жаңалықтар

Екі зауыт - бір заңды тұлға

Алдағы екі айда Атырау облысындағы екі балық өсіретін кәсіпорын – Жайық-Атырау бекіре зауыты (Курилкино) мен Атырау бекіре зауыты (Еркінқала) бір заңды тұлғаға біріктіріледі. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ хабарлады. 12 ақпан 2019, 15:06 3 334 рет қаралды
Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды Басқа жаңалықтар

Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды

8 ақпанда Теңіз вахталық ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-тің 16 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезініп, Құлсарыдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін төртеуі ауруханаға жатқызылды. Толықтырылды 11 ақпан 2019, 20:34 3 046 рет қаралды
Интернетсіз бір күн Қоғам

Интернетсіз бір күн

Жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісінде Халықаралық интернетсіз бір күн (International Internet-Free Day) аталып өтеді. Атаулы күннің басты мақсаты – адамдар компьютер мен ғаламтордан, смартфондар, планшеттер мен ноутбуктардан бір сәт болса да ажырап, айналамен «тірілей» қарым-қатынас жасау. «АЖ» тілшісі де бұл күнді атап өтті, қалай болғанын назарларыңызға ұсынамыз.   Бейнежазба 12 ақпан 2019, 10:17 15 214 рет қаралды
Балық қуған балықшылар Басқа жаңалықтар

Балық қуған балықшылар

Жайықтан балық аулау қазіргі кезде биржада ойнаумен барабар. Қармақты үкіге салмас бұрын өзеннің қай жерінде қармақтың жақсы қабатынын сұрау үшін достарыңа қоңырау шалып алған жақсы. Жақсы жаңалық түскен бойда көлікке мінген жедел «бригада» сол жаққа аттанады. Сурет 11 ақпан 2019, 16:52 3 161 рет қаралды
Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер Басқа жаңалықтар

Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер

Қаңтардың аяғында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен сол қызметтің бөлімше бастығын пара алу кезінде ұстаған еді. Екі полиция офицеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшасы (қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 ақпан 2019, 16:02 4 376 рет қаралды
Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма? Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма?

Анам 5 баланы дүниеге әкелген, 30 жылдан астам уақыт мемлекеттік кәсіпорында кассир болып жұмыс істеді, қазір 52 мың теңге зейнетақы алады. Ол мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікті, бұл ақша – қазіргі үкіметтің мирас боп қалған берешектерін аз болса да тұрақты өтеп отырған ақшасы. Ал оның балаларының дәуірі нарықтық экономикаға тұспа-тұс келді. Біз өз зейнетақымызға өзіміз  қаражат тауып жатырмыз және зейнетақы жүйесін кезекті реформалау табалдырығында тұрмыз. Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: зейнетақы салығын төлеп отырған қазіргі ұрпақ қарттық кезеңі үшін сақтаған қаржысын ала алады ма? 11 ақпан 2019, 12:51 3 716 рет қаралды
Полиция бастығы тұрғындармен кездесті Басқа жаңалықтар

Полиция бастығы тұрғындармен кездесті

Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындарға есеп берді. Айта кету керек, біздің қаламызда полиция басшысы мұндай форматта алғаш рет есеп беріп тұр деуге болады: бұған дейін олар жиналыстарда тек әкімдер алдында, әрі кеткенде – сессияларда депутаттар алдында жауап беретін. «Халық шефпен кездесуге Қайрат Нұртастың концертіне келгендей лық толыпты ғой», - деді залда қатысып отырған учаскелік инспекторлардың бірі әзілдеп. Сурет 11 ақпан 2019, 11:23 3 567 рет қаралды
Атыраудағы қысқы марафон Қоғам

Атыраудағы қысқы марафон

Бүгін, 10 қаңтарда Атырауда тұңғыш рет «ICE RACE 2019» қысқы марафоны өткізіліп, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Негізі, марафон деген аты ғана болмаса, жүгіру облыстық әкімдік ғимаратынан басталып, жағалаумен АМУ-ге дейін барып, облыстық әкімдік алдына кері келіп, 4 шақырымға ғана созылды. Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2019, 17:48 3 145 рет қаралды
Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр Оқиға

Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр

Атырауда Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсанында қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Іс ҚР ҚК-тің 328-бабы (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша жүріп жатыр. 10 ақпан 2019, 13:09 4 161 рет қаралды
Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр Басқа жаңалықтар

Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр

Академик Мұфтах Диаров дабыл қағады Табиғи және антропогендік факторлардың әсерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, көлік шаруашылықтарының Жайық өзенін қорғауға салғырт қарауы, биліктің әрекетсіздігі салдарынан Жайық өзеніне болашақта апаттық ластану қаупі төніп тұр. 9 ақпан 2019, 22:11 3 800 рет қаралды
Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады Басқа жаңалықтар

Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады

2018 жылы Атырау облысында 323 өрт оқиғасы орын алып, 15 адам қаза тапты, соның ішінде біреуі - сәби. Биылғы жыл басынан бері мұндай 12 оқиға болып, 4 адам көз жұмды. Ал әлі күнге дейін 2018 жылдың 2 наурызында Қарабатандағы жұмыс жатақханасында болған өрт оқиғасын тергеу ісі әлі аяқталған жоқ. 9 ақпан 2019, 16:38 2 776 рет қаралды
Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды Басқа жаңалықтар

Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі жаңа құрылымын бекітті.  Соған сәйкес бұрын НКОК басқарушы директорының орынбасары болып жұмыс істеген Жақып МАРАБАЕВ «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары боп тағайындалды. 9 ақпан 2019, 11:05 5 571 рет қаралды
Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды Басқа жаңалықтар

Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды

№2 Атырау қалалық соты 19 жастағы А. Досмағамбетовке қатысты үкім шығарды. Ол өткен жылдың 22 қыркүйегінде қала сыртындағы Құрсай ауылында 37 жастағы ананы 3 жасар ұлымен қағып өлтіріп, 5 жасар қызға жарақат салған болатын.  8 ақпан 2019, 14:39 2 504 рет қаралды