Атырау, 28 наурыз 19:06
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Орталық көпір қайта жаңғыртылады - жоба сараптамаға жіберілді

3 083 просмотра


Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында сөйлеген сөзінде қала әкіміне шұғыл түрде орталық көпірді жөндеу бойынша шара қабылдауды тапсырды. Төменде осы мәселе төңірегіне тоқтала кетейік. 

Сол кездегі қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы қызметінен кетер алдында «АЖ»-ға берген сұхбатында 2016 жылы сараптама жүргізген мамандар көпір тозған деген қорытындыға келді деп айтқан болатын. 2017 жылы қала әкімдігі оны қаржыландыру туралы мәселе көтерді. 2018 жылғы 8 қаңтарда Мемлекеттік сатып алу порталында «Атырау қаласының орталық көпірін күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу» бойынша лот жарияланды. Сол жылдың 3 шілдесінде «Алматы Жоба» ЖШС-мен 47 млн 155 мың 360 теңгеге ЖСҚ әзірлеуге келісімшарт жасалды. 2019 жылдың соңында дайын ЖСҚ-ны мемлекеттік сараптамаға жіберді, оның қорытындысы биыл шығу керек. Осыдан кейін құны 1 млрд теңгеге бағаланған қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Абай көшесіндегі Жайықтан өтетін көпір 1965 жылы «Гипрокоммундортранс» жобасы бойынша салынған және ұзақ уақытқа дейін қала ішіндегі жалғыз көпір болды. Техникалық құжаттамаға сәйкес, ол тіке орналасқан және 90 градус бұрышта өзенді кесіп өтеді. Жалпы ұзындығы – 260,5 метр, көлік жолының көлемі – 13 метр. Қазіргі заманғы талаптар бойынша автокөлік 4 жолақпен қауіпсіз қозғалу үшін жолдың ені 16 метрден кем болмауы тиіс.

1999 жылы көпір төсемінің барлық элементтерін толық ауыстырған қайта жаңғырту жүргізілді. Енді тағы бір күрделі жөндеудің уақыты келді. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 ақпан 2020, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.