Атырау, 19 тамыз 03:14
 дождьВ Атырау +23.1
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың» Қоғам

«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың»

АЖ тілшісі қаладағы «Дина» сауда үйінің артында көпшілікке «пятак» деген атаумен танылып кеткен жалдамалы жұмысшылар тұратын жерге барып, көп қызықты нәрселер біліп қайтты. Ең маңызды алған әсері – бұлар қоғамнан шет қалған адамдар емес, өз жұмыстарын ешкімнен кем санамайтын бір-бір үйдің азаматтары. Бұл жерде тек жергілікті тұрғындар ғана емес, Орал, Шымкент, Қызылордадан келгендер де нәпақасын тауып жүр. Әрине, өзбекстандық бауырларымыз, дәлірек айтқанда, қарақалпақтар да бар. Сурет 17 қазан 2019, 00:00 6 715 рет қаралды
«ТШО-ның ақшасын биліктегілерден сұраңдар» Басқа жаңалықтар

«ТШО-ның ақшасын биліктегілерден сұраңдар»

ТШО өкілдерінің жергілікті жұртшылықпен жуырдағы кездесуінде өндірістік және қаржылық көрсеткіштерден басқа, қатысушылар, атап айтқанда, Теңізде қызметкерлердің бойынан алкогольді анықтау үшін өзіндік «лотерея» өткізілетінін, сондай-ақ «Теңізшевройл» өңірде көптеген пайдалы іс атқарып жатқанын және осы тұрғыда оған «қысым» көрсетудің қажеті жоқ екенін білді. Толығырақ – «АЖ» материалында.  Сурет 16 қазан 2019, 17:29 5 709 рет қаралды
Атырауда әскерге шақыртылған 30 сарбаз әскери қызметін өтеуге  аттанды Басқа жаңалықтар

Атырауда әскерге шақыртылған 30 сарбаз әскери қызметін өтеуге аттанды

15 қазан күні Жеңіс саябағында әскерге шақыртылған 30 сарбазды Жамбыл облысына аттандыру үшін салтанатты шара өтті.  Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев, сондай-ақ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысты. Шараның құрметті қонақтары  сарбаздарға әскери міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, абыроймен Отан алдындағы борышын өтеп келуді тіледі. 16 қазан 2019, 15:22 3 145 рет қаралды
Қырылған балықтар туралы іс: осынша су қайда кеткен? Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтар туралы іс: осынша су қайда кеткен?

№2 Атырау қалалық сотында былтырғы желтоқсанда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты сот отырысы жалғасты. Кезекті отырыс тергеушілердің «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкері АҚБОТИННЕН жауап алған бейнежазбасынан басталды (оның өзі сотқа қатыспады).  Атап айтқанда, Жайықтан суды «ұтымсыз» алу туралы сөз қозғалды. 16 қазан 2019, 15:00 4 568 рет қаралды
Атырау облысының әкімі: «Маған полицей эскорты қажет емес, одан да жолды қадағалаңыздар» Басқа жаңалықтар

Атырау облысының әкімі: «Маған полицей эскорты қажет емес, одан да жолды қадағалаңыздар»

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне арналған селекторлық кеңес барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Полиция департаментінің басшылығына қатаң сын айтты. ПД бастығының орынбасары Берік АМАНГЕЛДІНІҢ дәстүрлі баяндамасы осыған түрткі болды. Шынымен де, кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғаларының саны өте көп. Ал жақында Баймұханов көшесінің бойында орын алған қайғылы жағдай мұнайлы астананы ғана емес, бүкіл жұртшылықты дүр сілкіндірді. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2019, 11:13 5 072 рет қаралды
"Шетелдік" көліктер ережені жиі бұзады Басқа жаңалықтар

"Шетелдік" көліктер ережені жиі бұзады

Бейресми деректер бойынша, Атырау қаласында 3 мыңға жуық Армения және Грузия елінен әкелінген автокөліктер бар. Ресми тіркелмегендіктен полиция бұл санды нақтылай алмады. Демек жол ережесін бұзса – оларды табу да қиын. «АЖ» тілшісі Атырау қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге  мұнайлы астана көшелеріне рейдке шығып, ахуалды көзбен көрді. Сурет Бейнежазба 15 қазан 2019, 21:23 5 295 рет қаралды
Енді жүкті әйелдер Алмагүлде босанады Басқа жаңалықтар

Енді жүкті әйелдер Алмагүлде босанады

Босандыру залы мен жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімшесі орналасқан облыстық перинаталды орталықтың ескі ғимарат блогы жөндеу жұмыстарына жабылуда. Осыған байланысты Алмагүл ықшамауданында орналасқан қалалық перзентхананың жүктемесі көбейді. 15 қазан 2019, 15:49 5 054 рет қаралды
АСА: «Тарифтің төмендегеніне қуанбаңыздар» Басқа жаңалықтар

АСА: «Тарифтің төмендегеніне қуанбаңыздар»

Табиғи монополияларды реттеу департаменті ұйымдастырған баспасөз туры барысында «Атырау су Арнасы» КМК директорының орынбасары Нұрлан МҰХТАРОВ «АЖ» сұрақтарына жауап берді. Ол жерде бізге тікелей қатысы бар көптеген жайттар қозғалды. 15 қазан 2019, 17:27 3 632 рет қаралды
Жылу қызметкерлері үшін қарбалас күн Басқа жаңалықтар

Жылу қызметкерлері үшін қарбалас күн

15 қазан күні таңертеңгі сағат 8-дегі мәлімет бойынша, Атырауда көп пәтерлі 956 үйдің 723-і ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосылған. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ мәлімдеді. 15 қазан 2019, 14:36 3 365 рет қаралды
90-жылдары ММСҚ басшысы ақшамен қашып кетті. Бұл жолы қалай болар екен? Басқа жаңалықтар

90-жылдары ММСҚ басшысы ақшамен қашып кетті. Бұл жолы қалай болар екен?

Атырау облысындағы медициналық ұйымдардың «СК-Фармация» ЖШС-не дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін 658 миллион теңгеден астам қарызы бар. Мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТАН Атырау жоғары медициналық колледжінің ғимаратында БАҚ өкілдерімен болған бейресми кездесуде осы жағдайға қатысты түсініктеме беруін өтіндім. Бейнежазба 15 қазан 2019, 12:53 4 194 рет қаралды
Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар Қоғам

Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар

11-13 қазан аралығында Атырауда алғаш рет «Көрпе Fest»  мегафестивалі өтті. Фестивальге барлық аудандар мен Орал қаласынан арнайы келген жүзден аса қыз-келіншектер қатысты. Сондай-ақ көрмеде 50-ге жуық қатысушының инсталяциясы көпшілік назарына ұсынылды. Сурет 15 қазан 2019, 09:57 7 087 рет қаралды
Атырау ЖЭО: «Иә, біз тарифке инвестиция саламыз» Басқа жаңалықтар

Атырау ЖЭО: «Иә, біз тарифке инвестиция саламыз»

Атырау ЖЭО-ға барған баспасөз туры барысында кәсіпорын басшысы Айвар РАХМАНОВ «АЖ» сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, «сол жағалау, оң жағалаудың» поэтикалық метафора ғана емес, мұнайлы астананы жылумен қамтамасыз етуге әсер ететін маңызды фактор екені белгілі болды. 14 қазан 2019, 17:16 3 765 рет қаралды
Фармацевтикалық зауыт және басқа да бұлыңғыр жобалар Басқа жаңалықтар

Фармацевтикалық зауыт және басқа да бұлыңғыр жобалар

Атыраудағы фармацевтикалық зауытты «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салып бітіруі мүмкін. Құрылысты аяқтау үшін 3 миллиард теңге қажет. 14 қазан 2019, 15:16 3 471 рет қаралды
Дарабоз-2019 Басқа жаңалықтар

Дарабоз-2019

12 қазанда Атырауда ұлттық спорт түрлерінен екі күнге жалғасқан дәстүрлі «Дарабоз» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс барысында Атырауда тұңғыш рет «Алтын тұлпар - Жайық жағасында» 5-ші республикалық турнирі де ұйымдастырылды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 13 қазан 2019, 14:53 4 894 рет қаралды
Кіші залдағы үлкен қойылым Мәдениет

Кіші залдағы үлкен қойылым

Жуырда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 81-інші театр маусымын ашты. АЖ тілшісі театрдың кіші залында сахналанған Мария Ладоның «Болмаған оқиға» мұңды комедиясын тамашалай барып, көрерменге ұсынар алдағы жоспарымен танысып қайтқан еді. Сурет 14 қазан 2019, 14:30 5 910 рет қаралды
Радикализмге қарсы иммунитет – рухани тәрбие Басқа жаңалықтар

Радикализмге қарсы иммунитет – рухани тәрбие

Жуырда Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде облыстағы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері «Шапағат» деструктивті діни ағымнан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сұлтан САРИЕВПЕН кездесті. Шара барысында ол радикалдық діни ағымдарға, экстремизмге қарсы тұруда иммунитет қалыптастыру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.   14 қазан 2019, 14:17 3 060 рет қаралды
Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды Қоғам

Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.  Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен  қызуы көтеріле бастаған.  Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап,  №2 облыстық ауруханаға жатқызылған.  Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассалық тамызғыштың қақпағының барын анықтады, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникация қызметі. 14 қазан 2019, 13:26 4 270 рет қаралды
​Нұрлан Ноғаев: «Сәби өлімі біз үшін трагедия» Басқа жаңалықтар

​Нұрлан Ноғаев: «Сәби өлімі біз үшін трагедия»

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық перинаталды орталықтағы сәби өліміне қатысты өкімет мәжілісінің үзілісі кезінде өз пікірін білдірген болатын.Журналистер сауалына  жауап бере келіп, Нұрлан Ноғаев тергеудің аяқталуын күтуді, ақ-қарасы анықталғанша ой түйіндеуге асығыстық танытпауды өтінді. 14 қазан 2019, 12:05 3 442 рет қаралды
Жайылымдағы  малға да бақташы керек Басқа жаңалықтар

Жайылымдағы малға да бақташы керек

Жыл басынан бері Атырау облысында 23 мал ұрлығы ашылды, 82 үй жануары иелеріне қайтарылды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлердің айтуынша, бізде барымташылар малдардың еркін, бақташысыз  жайылғанын пайдаланады екен. 14 қазан 2019, 12:29 3 614 рет қаралды
Заңсыз ау құралдары жойылды Басқа жаңалықтар

Заңсыз ау құралдары жойылды

Атырау облысында жыл басынан бері браконьерлік фактілері бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды, 21 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, 16 тонна балық (оның ішінде 615 келі бекіре тұқымдас) және 2860 ау құралдары, 215 суда жүзетін және көлік құралдары тәркіленді. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аумақтық   инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олег ТУШКАНОВ хабарлады. Бейнежазба 14 қазан 2019, 11:13 3 135 рет қаралды