Атырау, 15 қазан 16:42
 дождьВ Атырау +25.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда

Мемлекеттік қызмет ісінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет ісінде жаңа басшы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға осыған дейін Қостанай облысы бойынша департаментінде осындай лауазым атқарған 40 жасар Салауат МҰҚСИМОВ отырды. 10 ақпан 2020, 15:34 5 193 рет қаралды
​Атырауда полицейлер мен еріктілер салақ ананың үйін ретке келтірді Басқа жаңалықтар

​Атырауда полицейлер мен еріктілер салақ ананың үйін ретке келтірді

Атырау полицейлері қала маңындағы Химпоселок ауылында үш кішкентай бала қоқыстың ортасында тұрып жатқан үйге барды. Жайсыз отбасының баспанасын ретке келтіруге еріктілер көмек көрсетті.  10 ақпан 2020, 15:17 9 095 рет қаралды
Теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты үкім: біреу бәрі үшін Басқа жаңалықтар

Теңіздегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты үкім: біреу бәрі үшін

Жылыой аудандық соты Теңіз кенішінде 29 маусымда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан «Consolidated Contracting Engineering & Procurement» ЖШС-нің 26 жастағы бригадиріне қатысты үкім шығарды. Бейнежазба 10 ақпан 2020, 14:54 5 970 рет қаралды
Жылға жақын уақыт өтті, Мақатта әлі  бензин жоқ Басқа жаңалықтар

Жылға жақын уақыт өтті, Мақатта әлі бензин жоқ

Өткен жылдың сәуірінде 15 мыңға жуық халқы бар Мақат кентінде жанар май құю бекеті жұмыс істемей қалған. Сол кезден бастап жергілікті көлік жүргізушілер бензин үшін 30 шақырым жердегі Доссор кентіне баруға мәжбүр. Шыдамның да шегі бар демекші, қырыққа жуық мақаттық  бұрынғы «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетінің алдында жиналып, БАҚ өкілдерін шақырды. Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2020, 14:07 4 055 рет қаралды
Ұсталғандардың көбі шетелдік нөмірлі көліктер Басқа жаңалықтар

Ұсталғандардың көбі шетелдік нөмірлі көліктер

8-16 ақпан аралығында Атырау облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.  Алғашқы екі күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемеген 50 жүргізушінің көлігі  айыппұл тұрағына қойылды. Оның 20-сы «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталды. 10 ақпан 2020, 12:41 3 809 рет қаралды
Атыраулықтар жұмысқа жуынбай кетті Басқа жаңалықтар

Атыраулықтар жұмысқа жуынбай кетті

10 ақпанға қараған түні Атырауда су тоқтап қалды. «Атырау облысы су арнасы» КМК диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, түнде аяз тұруына байланысты (термометр сағат сегізде -10 градусты көрсетті) Жайықтан су алатын сорғылардың бойында мұз қатып, салдарынан су тоқтап қалған.    10 ақпан 2020, 10:09 4 010 рет қаралды
 Жарық тарифы кімге қанша қымбаттады Басқа жаңалықтар

Жарық тарифы кімге қанша қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тұрғындар тұтынатын электр қуатының сараланған тарифтері мөлшерін жария етті. Естеріңізге сала кетейік, жаңа тарифтер 2020 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді. 9 ақпан 2020, 00:34 4 491 рет қаралды
Жаңа әкім бұрынғының жұмысына есеп берді Басқа жаңалықтар

Жаңа әкім бұрынғының жұмысына есеп берді

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ қала тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ те қатысты. Сурет Бейнежазба 8 ақпан 2020, 15:28 4 430 рет қаралды
Атырауда жүкті әйел мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды Басқа жаңалықтар

Атырауда жүкті әйел мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Атырауда жыл басынан бері 18 жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, оның ішінде 17 адам мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланғандар арасында полиция қызметкері, жүкті әйел және жас қыз бар.  7 ақпан 2020, 14:31 4 429 рет қаралды
Полиция суға кеткендердің кім екенін анықтады Басқа жаңалықтар

Полиция суға кеткендердің кім екенін анықтады

Атырау полициясы Жайықта табылған екі мәйіттің кім екенін анықтады. Еске салсақ, 4 ақпанда Баймұханов-Мечников көпірінің астында Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзеннен ер адам мен әйелдің денесін шығарған еді. 7 ақпан 2020, 14:10 4 903 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды Оқиға

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды

№2 қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, әдістемелік орталық директоры Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, жеке кәсіпкер Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты» КМҚК есепшісі Қансұлу ЖАМЕЛОВАҒА, әдістемелік орталықтың маманы Бейбіт ЗАБЕНОВКЕ, есепшісі Құндыз ИМАНҒАЗИВАҒА үкім шығарды.  Сурет Бейнежазба 6 ақпан 2020, 20:53 8 099 рет қаралды
Атырауда «автомитинг»  ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды Басқа жаңалықтар

Атырауда «автомитинг» ұйымдастырушылардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау әкімшілік сотының қаулысымен жергілікті тұрғын шетелдік нөмірлері бар автокөліктерге қатысты заңсыз митингіге шығуға шақырғаны үшін жазаланды. Бейнежазба 6 ақпан 2020, 17:42 4 720 рет қаралды
Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан Оқиға

Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан

Атырау полициясы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы Аида Максотованы ұстады. Ол жекеменшік балабақша мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарын ашып, ата-аналардан жарты жыл немесе бір жылға алдын ала төлем жинап алып, кейін «көзден ғайып болған».  6 ақпан 2020, 17:23 4 769 рет қаралды
Берешек 90 күннен асса, өсімпұл төленбейді Басқа жаңалықтар

Берешек 90 күннен асса, өсімпұл төленбейді

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады, - деп хабарлады Ұлттық банк жанынан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылған ҚР қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі агенттік. 6 ақпан 2020, 17:02 6 756 рет қаралды
 «Бизнес-Көмек» қоры 600 миллионды қайда жұмсады? Басқа жаңалықтар

«Бизнес-Көмек» қоры 600 миллионды қайда жұмсады?

Атырау облысы жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық құрылыс басқармасы жанындағы «Бизнес-Көмек» әлеуметтік жобаларды қолдау мемлекеттік қорының соңғы екі жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. 6 ақпан 2020, 13:10 4 061 рет қаралды
Митингіге қаланың сыртына шық Басқа жаңалықтар

Митингіге қаланың сыртына шық

5 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар «Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және  демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу» шешімін бір ауыздан бекітті. Қатысушылар атап өткендей, реттеу тәртібіне өзгерістер депутаттардың  бастамашылық ұсынысымен  енгізілді. 5 ақпан 2020, 17:38 3 609 рет қаралды
Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді Басқа жаңалықтар

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Нұрсая ықшамауданындағы сәтсіз аяқталған пәтер тонау туралы бейнежазба тарап кетті. Бастарын бүркеп алған екі қаскүнем есігін ашып, пәтеріне аяқ басқан әйелмен бірге кіріп, бірақ сол бойда пәтерден үй иесінің соққысынан кері шығады, ол аздай үй иесіне екі әйел қосылып ұрып жатыр. Кіреберіс алаңындағы шайқас тонаушылардың біреуінің қашуымен, ал кейін екінші қылмыскердің де құтылып кетуімен аяқталады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 13:49 3 805 рет қаралды
"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті Оқиға

"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті

3 ақпанда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мас күйінде автокөлік жүргізді деп айыпталған Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты іс қаралды. Бірақ бұл отырыстың жоспарланған жерде өткізілмеуіне «АЖ» тілшісі қатысқан қалалық полиция басқармасының (ҚПБ) ішіндегі шытырман оқиға себеп болды. Жергілікті соттың тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған шығар. Барлығын басынан бастайық. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 12:58 4 520 рет қаралды
Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді» Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді»

Әсет өзін әуесқой тауға өрмелеуші деп атайды. Ол Килиманджаро, Айленд пик, Хан-Тәңірі, Казбек, қысқы Эльбрус, Манаслу шыңдарын бағындырса,  қысқы Монблан, Мрамор Қабырғасы және Лхоцзе  сілемдеріне сапары сәтсіз аяқталды. Әсет жұмыстан қолы босаған сәтте Тұйық су шатқалында жаттығу жасайды және Алматыда Banff тау киносы халықаралық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Қазір ол Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Әсет Атыраудың тумасы, Драма театрдың маңында тұрды, №17 мектеп-лицейді аяқтады.  Мәскеуге оқуға түсті, кейін Норвегияға кетті. Міне сол жерде оның тауға деген қызығушылығы басталды. 4 ақпан 2020, 17:42 5 770 рет қаралды
Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады Басқа жаңалықтар

Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады

Атырау облысының балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерін шетелге экспорттау үшін тауарларының шығу тегі жөнінде СТ-1 сертификаты қажет деген талапты жоюды сұрайды. Балық аулау саласының өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кезекті балық аулау маусымындағы өзекті мәселені талқылады. 5 ақпан 2020, 11:42 5 264 рет қаралды