Атырау, 27 қараша 21:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан

4 285 просмотра


Атырау полициясы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы Аида Мақсотованы ұстады. Ол жекеменшік балабақша мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарын ашып, ата-аналардан жарты жыл немесе бір жылға алдын ала төлем жинап алып, кейін «көзден ғайып болған». 

Жақында ашылған облыстық прокуратура жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 20-ға жуық алданған қала тұрғыны шағымданып келді. Олардың айтуынша, бұл мәселемен олар бұрын да құқық қорғау органдары мен прокуратураға жүгінген, бірақ ешқандай нәтиже шықпаған.

Ирина КОНСТАНТИНОВА ұлын дайындық курстарына бергісі келді. Алдымен алаяқ жеңілдік ұсынған, бірақ кейін қосымша ақша талап ете бастады.

- Курстың бағасы – 55 мың теңге. Осы ақшаның ішіне баланы тамақтандыру мен тасымалдау сияқты қызметтер кіреді деді ол. Мен келістім, - дейді Ирина. – Бірнеше күннен кейін ол қоңырау шалып, бір отбасы басқа қалаға көшіп жатқандықтан, жылдық курсқа қатысуға бір орын  босағанын және оған 135 мың теңге қосымша төлеу қажет екенін айтты. Кейін ол осы орталықты жауып, жаңасын ашты да, тағы 50 мың қосымша ақы сұрады. Менің балам тек бір ай ғана оқыды. Одан кейін ол қатерлі ісік дертіне шалдыққанын айтып, орталықты жауып, ақшаны кейін қайтарамын деді. Содан ізім-ғайым жоқ болып кетті.

«Миледи», одан кейін «Аврора», «Білім академиясы», «Үміт», «Әлихан», «Ля мажор», «Айшабибі» атты мектепке дейінгі оқу орталықтары көптеген ата-аналарды қызықтырып үлгерді. Аты өзгергенмен, алаяқтық әрекеті сол бір ізбен жасалған. Бас-аяғы 200-ге жуық адам зардап шеккен, бірақ тергеу барысында олардың саны бес жүзге дейін жетуі мүмкін. Алданып қалған тек ата-аналар ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер, тәрбиешілер және жалға алынған үй-жайлардың иелері де қалталарынан қағылды.  

- Бұл - Мақсотова Аида Маратовна. Менің қолымда 2019 жылғы 21 қазанда жасалған келісімшарт және төлем түбіртегі бар. Ақшаны бізге қашан қайтарады? – дейді Еркін КАМАЛОВ.

- Қазіргі таңда 17 жәбірленушінің арызы бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс менің бақылауымда болады, - деп уәде берді Атырау қаласының прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

Полиция депаратменті де алаяқтың ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын растады.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны түсірген автор

6 ақпан 2020, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.