Атырау, 19 тамыз 03:51
 дождьВ Атырау +23.1
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды» Басқа жаңалықтар

Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды»

ҚР ІММ 5 қазанда таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баспасөз хабарламасында «Бұл жұмыста алдын-алу сипатындағы тиісті шаралар алмаған басшылардың жеке жауапкершілігі өте маңызды» деп атап көрсетіп, «жетекшілік ететін бөлімше басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері басшыларының орынбасарлары қызметінен босатылды» деп хабарланды. Біздің өңірімізде 2016 жылдың қазан айынан бастап тағайындалған ПД басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Сұлтан МОЛДАШЕВ лауазымынан босатылды. 8 қазан 2019, 10:25 5 379 рет қаралды
«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па? Басқа жаңалықтар

«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па?

Жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары Атырау облысына келді. 7 қазан 2019, 16:49 4 824 рет қаралды
Кубок қол созым жерде еді Спорт

Кубок қол созым жерде еді

6 қазанда «Астана аренада» «Атырау» командасы мен қызылордалық «Қайсар» арасында футболдан Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтті. Ойын өте тартысты өтіп, ойын қорытындысында Кубокты қызылордалықтар иеленді. 7 қазан 2019, 11:54 3 778 рет қаралды
«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар» Басқа жаңалықтар

«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар»

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Бірыңғай есеп беру күнін» - бизнес саласындағы бақылау және қадағалау органдарының жұмыс нәтижелеріне арналған жиналыс өткізді. Оған ШОБ және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 5 қазан 2019, 23:35 3 607 рет қаралды
Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»   Қоғам

Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»

Жуырда Жерұйық ықшамауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар жарақат алған жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция басшылары мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің кездесуіне басты себеп болды. Кездесуде бірталай маңызды мәселелер көтерілді.   5 қазан 2019, 11:30 7 082 рет қаралды
Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды Басқа жаңалықтар

Доссор екінші мұнайлы астанаға айнала алмайды

Әлеуметтік желілерде Мақат ауданы Доссор кентіндегі көше қазу жұмыстары кезінде шұңқырда мұнайға ұқсас қара қоймалжың сүйықтықтың шығып жатқаны туралы бейнежазба тарады. «АЖ» тілшісі мұны анықтап көрді. Бейнежазба 5 қазан 2019, 10:48 4 441 рет қаралды
Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша Басқа жаңалықтар

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына баға шегін көтерді. Атап айтсақ, Атырау ЖЭО өндіретін энергияның бір киловатт-сағатының шекті бағасы 1 қазаннан бастап 6,06-дан 6,82 теңгеге дейін көтерілді. АЖЭО үшін 6,06 теңге жақында ғана, 2019 жылдың 1 қаңтарында бекітілген еді. Ал бұған дейін баға бірнеше жыл бойы 7,3 теңге деңгейінде тұрды. Ол кейін сол кездегі президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін азайтылған болатын. 5 қазан 2019, 09:40 3 429 рет қаралды
Қай жерде қыстаған жақсы? Басқа жаңалықтар

Қай жерде қыстаған жақсы?

Қазақстанда жылу маусымы жақындағанда жылу тарифтері өзекті мәселеге айналды. Жақында орталық баспасөзден тұрғындарға жеткізілетін қымбат жылу тарифтері бойынша Атыраудың республикада үшінші орында тұрғанын білдім. Бірінші және екінші орындарда Алматы мен Шымкент тұр. 5 қазан 2019, 09:30 3 071 рет қаралды
Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты Басқа жаңалықтар

Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты

Атырау облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері мен акушер-гинекологына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 3, 7-тармақшалары (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша не себепті қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 4 қазан 2019, 21:35 5 344 рет қаралды
Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма? Басқа жаңалықтар

Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма?

30 қыркүйекте «Жерұйық» ықшамауданында ЗИЛ-131 жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-тармағы (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «АЖ»-ға қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ хабарлады. 4 қазан 2019, 15:21 3 935 рет қаралды
Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды Басқа жаңалықтар

Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды

Мұнайлы астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін кезекте 87 956 өтініш тіркелген. Бүгінде жер қалаға қарасты Атырау, Ақсай, Көкарна, Водников, Жаңаталап, Тасқала, Дамбы ауылдық округтары аумағынан 1999-2004 жылдары өтініштер жазған азаматтарға беріліп жатыр. Бұл туралы брифингте қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. Сондай-ақ ескі қаладағы үйлерді сүру туралы да әңгіме болды. 4 қазан 2019, 14:26 4 065 рет қаралды
Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған Басқа жаңалықтар

Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған

- Атырауда қанша көше бар және пайыздық тұрғыда олардың қаншасы жарықтандырылған? Көшені жарықтандыру желісін салу жоспарына қосу үшін көшені таңдау кезінде қандай талаптар қойылады? 4 қазан 2019, 10:00 4 758 рет қаралды
Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-тармағы - 367-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру) және 99-баптың 2-тармағының 3, 7-тармақшасы (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Толықтырылды 3 қазан 2019, 16:12 5 532 рет қаралды
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, сонымен қатар, білім беру саласының қызметкерлері Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, Құндыз ИМАНҒАЗИЕВАҒА, Қансұлу ЖАМИЛОВАҒА және Бейбіт ЗАБЕНОВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бірінші отырыс айыптау актісін жариялауға арналды. 3 қазан 2019, 12:41 6 303 рет қаралды
Өзен өзекке айналмасын Басқа жаңалықтар

Өзен өзекке айналмасын

Атырауда Жайық-Каспий бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану және трансшекаралық өзендерді құтқару тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған гидрология саласындағы қазақстандық және ресейлік мамандар, осы саланың ардагерлері қатысты. Орынды пайымдаулар мен ғылыми ақпараттар көп болды, дегенмен ауыр ахуал өзгеретіндей әсер болмады. Сурет 3 қазан 2019, 14:05 4 193 рет қаралды
Қызанақсыз қалып жүрмейік Басқа жаңалықтар

Қызанақсыз қалып жүрмейік

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының таяуда өткен отырысында залға күтпеген жерден көкөніс сататын сатушының кіріп келуі  денсаулық сақтау тақырыбын талқылап жатқан депутаттардың назарын аударды. 3 қазан 2019, 13:48 3 818 рет қаралды
Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін Басқа жаңалықтар

Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін

«Атырау Су Арнасы» КСС қызметінің инженері Магомед АЛИШАЕВ үшін 15 жыл еңбек еткен кезде кәріз люктерінен табылған нәрселердің ішіндегі ең өзгешесі (әрі жағымсызы) - кілемге оралған алып өлі алабай екен. Сурет 3 қазан 2019, 15:12 4 355 рет қаралды
Тізімде жоқ па? Басқа жаңалықтар

Тізімде жоқ па?

Атырау облысы әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми интернет-ресурсында 1 қараша күні сағат 10:00-де Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау қаласының кейбір көшелері мен басқа да нысандарына атау беру және атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарламасы жарияланды. 2 қазан 2019, 17:56 3 645 рет қаралды
Раушан гүлдер шаһары Қоғам

Раушан гүлдер шаһары

«Құрметті жолаушылар, ұшағымыз төмендей бастады. Перделер мен иллюминаторларды ашыңыздар, қайырмалы үстелдерді бекітіп, отырғыштарды тіктеңіздер». Тағы бірнеше минуттан кейін ақ ұлпа бұлттардың арасынан тозаңды тұман жамылған аласа таулармен астасып, құм реңдес үйлер көріне бастады. Армысың, Душанбе! Сурет 3 қазан 2019, 00:00 6 690 рет қаралды