Атырау, 27 ақпан 07:05
Таңертең ашық+4, күндіз +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.36  € 411.92  P 5.76

Әйелдер, тексеріліп тұрған жөн

24 қаңтар 15:36


25 қаңтарда Атырау онкология диспансерінде ашық есік күні өтеді. Сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін әйелдер жатыр мойны обырына тексеріле алады. Бұл қазіргі уақытта өтіп жатқан «тұрғындарды ақпараттандыру апталығының» бір шарасы.

Бүгінгі таңда облыстық онкология диспансерінде 4 мыңға жуық адам, оның ішінде 523 әйел «жатыр мойны обыры» диагнозымен есепте тұр. Аурудың кеш анықталуы ажалға себеп болады, ал бұл ерте сатыда анықталса емделетін ауру.

Жатыр мойны обыры мен адамның папиллома вирусының (АПВ) онкогенді түрлері арасындағы байланыс дәлелденген. Жатыр мойны обырының алдын-алу үшін 9-13 жас аралығындағы қыздарға вакцина егу ұсынылады. Қайталама аурудың алдын-алу үшін жүйелі түрде цитологиялық скринингтен өткен абзал. Осы мәселе маңызды болғандықтан жыл сайын қаңтардың үшінші онкүндігінде тұрғындарды ақпараттандыру апталығы өтеді. Осы апта ішінде әйелдер онкологиялық диспансерде жолдамасыз және тегін онкогинекологиялық кеңес ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1123 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3