17 қаңтарда орталық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Батыс өңірінің гарнизондарындағы әскери қызметшілер арасында жекпе-жектен «Қазақ жауынгері» ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Ұлттық гвардия мен Шекара қызметі жауынгерлері де қатысты.
Жүзге тарта спортшы 9 түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.
Айқастар қортындысы бойынша жалпы есептегі бірінші орынды Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөлімі еншілесе, екінші және үшінші орынды Атырау қаласының 41433 әскери бөлімі мен 2016 әскери бөлімдері бөліп алды.
Енді жеңімпаздар құрамынан өңірлік қолбасшылықтың командасы жасақталып, ақпан айында Алматы қаласында өтетін Қарулы күшердің республикалық чемпионатында Батыс өңірінің намысын қорғайтын болады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор