Атырау, 20 сәуір 08:09
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ауруханаға өз пешіңді ала кел

Бейнежазба
4 927 просмотра


Мақат ауданы Доссор кентіндегі 20 кереуеттік аурухана туралы 2018 жылғы желтоқсанда жазған едік.  Арада біраз уақыт өтсе де,  жағдай өзгермеген – сол тоңған науқастар, палаталардағы тоқ пештері...

Баласымен жатқан келіншек келгелі жылудың мардымсыздығына шағымданды, әсіресе түн ішінде қиын екен. Үйлерінен тоқ пештерін алдырған.

- Аурухананың салынғанына 14 жыл өтсе де, қыруар қаржы шығарып, қаншама жөндеу жұмыстары жүрсе де, бәрі бекер, - дейді Доссор тұрғыны Мұрат ЕСМҰХАНОВ. - Күндізгі бөлімге жатып емделгенмін, ақырында емімді аяқтамай, шығып кеттім. Салқын болғандықтан сырт киіммен жатамыз. Болмағасын тоқ пеш алдырттым. Ағзаға құятын сұйықтарды үйден жылытып әкелеміз. Одан күй бола ма?

Жұртшылық наразылығын туғызған жайға Мақат ауданының бас дәрігері Батырбек ОҢДАСЫНОВ жайбарақаттау жауап берді:

- Қараңыз батарея ыстық (бірақ дәлізде олай емес). Біз алға қарай ғимараттың бір бөлігінің терезесін ауыстырып көреміз. Егер жылылық сақталса, биыл терезелерді алмастыру жөнінде сұраныс береміз, өйткені шатыр мен қабырғаларды жөндедік.

2018 жылғы желтоқсанда Оңдасынов жылу қазандықтарын жаңарту мен терезелерді ауыстыруға қаржы бөлінетінін айтқан. Алайда терезелер ауыспаған, жылу қазандықтары толықтай жөнделмеген.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

22 қаңтар 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.