Атырау, 28 сәуір 11:55
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жолдағы шұңқырлар әзір жөнделмейді

Сурет
3 030 просмотра


Мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі 2020 жылы жолдардағы шұңқырларды жөндеуге 43 млн теңгенің тендерін жариялады.

Бұл ақшаға 4,5 мың шаршы метр жол төсемін жөндеу жоспарланған. Бірінші тендер мүдделі мердігерлер болмағандықтан өтпей қалды, өйткені құны осындай жобалар шағын жоба саналады. Сондықтан көлік жүргізушілерге шыдамдылық танытуға тура келеді. Қала көшелеріндегі шұңқырлар мен ойдым-ойдым жерлер әзір жамалмайды.

Мәселен, Афанасьев – Исатаев көшелерінің қиылысындағы мына шұңқыр көліктер үшін нағыз сынаққа айналған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қаңтар 2020, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.