Атырау, 27 ақпан 05:58
Таңертең ашық+4, күндіз +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.36  € 411.92  P 5.76

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова: «Өз кінәмді мойындамаймын»

24 қаңтар 20:10


№2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА, білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВА және білім саласының басқа да қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтті.  Прокурордың сөзінен кейін жәбірленуші тараптың өкілдері, барлық 8 сотталушы мен олардың адвокаттары сөз алды.

Бұл қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап - Атырау облыстық әкімдігі. Тергеу кезінде әкімдік мемлекет пайдасына 117 млн теңге өтеу туралы талап арыз берген болатын. Бүгінде Қабдолова 40 млн, Забенов 1,6 млн, Жамелова 1,9 млн, Қабекенов 2 млн, Иманғазиева 4 млн теңге төледі.

Сөз алған сотталушылар Кенжеғалиев, Қабдолова, Иманғазиева, Жамелова, Забенов, Мәжитова және Қабекенов өздерінің кінәсін мойындап, өкінетіндерін айтып, бұған дейін прокурор сұраған жаза мерзімін азайтуды өтінді. Тек Нұрсәуле Сайлауова ғана өз кінәсін мойындамады:  

- Мені соттап жатқан баптармен келіспеймін және кінәмді мойындамаймын.  Жауап алу кезінде мен Ұлттық бюро қызметкерлеріне облыс әкімінің орынбасарын ұстау маңызды әрі қажет болды деп айтқан болатынмын. Өткен жылдың 6 наурызында маған қоңырау шалып, менің Атырауға келу керектігімді айтты. Ол кезде мен Алматыдағы кардиологиялық орталықта ем алып жаттым. Мен бұл орталықта 16 жылдан бері есепте тұрмын. Сондықтан да мен емдеу курсы біткен уақытта, яғни, 19 наурызда барамын дедім. Бірақ олар менің тез арада ұшып келуімді талап етті. 7 наурызда келіп, кешке оларға бардым. Маған қазір сотталып жатқан әріптестеріме мінездеме беруді сұрады... Егер 19 наурызда келсем, олар жоспарларын орындай алмайтын еді. Мұны кейін түсіндім. Өйткені 14 және 15 наурызда олар арандату үшін маған А.М.-ны (арнайы мектептерге үстелдер мен орындықтар жеткізген жеке кәсіпкер, тергеу нәтижесі бойынша Сайлауова одан 5 100 000 теңге талап еткен - Н.Х.) жіберуді жоспарлаған екен. Желтоқсанда әріптестерімді қамауға алып, бәрінен жауап алған кезде Ұлттық бюро қызметкерлері "Сайлауованы білесіздер ме?" деп сұраған. Өйткені олар мені ұстауды көздеді... Мен сіздің әділдігіңізге сенемін, құрметті сот. Маған тергеу изоляторынан процессуалдық келісім бойынша шығуды ұсынды, бірақ мен келіспедім, соңына дейін баруға бел будым. Маған кінәңді мойында деді, бірақ мен олай етпедім. Алайда өтірік айтып, түрмеден шығуыма, үйімде отыруыма болатын еді. Менің адвокатым сізге маған беру үшін 5 100 000 теңге түсіріп алдым деп растаған Мәженованың шотындағы қозғалыс туралы мәліметті ұсынды. Бірақ тамыздан желтоқсанға дейінгі аралықта ол мұндай мөлшерде ақша түсіріп алмады, мұны аудиторлық компания анықтады ... Мені ақтауыңызды өтінемін.

Естеріңізге салсақ, сотталушылар 189-бап («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 366-бап («Пара алу»), 190 («Алаяқтық»), 362-бап («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша айыпталуда.

Енді үкімді күту қалды. Оны қашан жариялайтыны әзірге белгісіз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

9578 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3