Атырау, 23 желтоқсан 02:54
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жүргіншіні көлігімен басып өлтірген полицияның соты басталды

3 800 просмотра


Атырау облысы Махамбет аудандық сотында өткен жылдың қазан айында Исатай ауданында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері Айболат Жұмашевтің ісін қарау басталды.

Полиция қызметкеріне ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-тармағы («Байқаусызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу») және 347-бабы («Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу») бойынша айып тағылды.

Іс материалында сотталушы 2019 жылғы 13 қазанға қараған түнгі  03.00 шамасында «Ауди-100» маркалы көлігімен Исатай ауданы Зинеден ауылының көшеішілік жолымен келе жатып, 25 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Апат салдарынан зардап шегуші оқиға орнында қаза болған. Ал полицей қашып кетеді.  

Алғашқы сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін айтып, жәбірленуші өкілінен кешірім сұрады. Келесі сот отырысы 29 қаңтарда өтеді және полицияны сот медициналық куәландырудан өткізген нарколог дәрігер мен куәлардан жауап алынады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қаңтар 2020, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.