Атырау, 16 сәуір 16:37
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атыраудағы мал сою цехынан ұрланған бір үйір жылқы табылды

8 329 просмотра


Жақында Атырау қаласындағы мал сою цехының ауласында полиция қызметкерлері құжатсыз 20-ға жуық жылқы тұрғанын анықтады. 

Малдың иесі Қызылқоға ауданы Жанкелдин ауылының тұрғыны екен. Ол өзінің қырда жүрген жылқыларының барымталанғанын да білмепті.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде осы іске қатысы бар деген Мақат және Қызылқоға ауданының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі («Мал ұрлау») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде. Бұлар барымталанған осы үйірден басқа тағы да бір мал ұрлығы фактісіне күдіктеліп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

23 қаңтар 2020, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.