Атырау, 23 қараша 14:22
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Мүгедектер ұшақтан қалай түседі?​

Сурет
3 337 просмотра


Атырау – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мүлдем бейімделмеген қала. Бұл фактіні жергілікті аэропортта қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнайы арбаның жоқтығына куә болған «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының жетекшісі Алмаз ЕРЖАН тағы да растады.

Мұнайлы астанаға ол «Атамекен» ҰКП төрағасының кеңесшісі ретінде келді.

- Атырауға мен алғаш рет келіп отырмынҚонғаннан кейін әуежай қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адам ретінде маған креслолардан түсіп, ұшақтан шығу үшін арнайы арба жеткізе алмады, - деп жазды Ержан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. – Енсіз арнайы колясканы әкеліп беруді өтінгенімде мені қолдарымен көтеріп,  борттың бойымен өтіп, арбаға дейін жеткізуді ұсынды. Шынымды айтсам, бұл сұмдық қойМен тіпті қай жерде жүргенімді түсінбей қалдым.

Алдымен Ержанға мұндай арбаның әуежайда мүлдем жоқ екенін және мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың барлығын ұшақтан көтеріп алып шығатынын айтты. Одан кейін арбаның бар екенін, бірақ сынық екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл мүгедектерді кемсіту және Қазақстан 2015 жылы қабылдаған халықаралық конвенциясын бұзу.

- Қала билігінен, салалық министрліктерден және «Нұр Отан» партиясынан осы мәселеге назар аударуды сұраймын. Жыл сайын «Кедергісіз келешек» бағдарламасына - қолжетімді орта мәселесін шешуге бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Сіздерге еліміздің барлық әуежайларын мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың әуе тасымалының қолжетімділігі қандай жағдайда екенін  неге  тексермеске? Егер қаласаңыз, мүгедектігіме байланысты өз жәрдемақымнан Атырау қаласының әуежайы үшін осы арбаны сатып әперейін, – дейді Алмаз.



Мен бұл жағдайды түсіндіру үшін Алмазды Атырауға жеткізген Air Astana әуе компаниясына жолықтым. Компанияның баспасөз хатшысы Тлек Әбдірахимовтың жауабы қысқа болды: «Бұл қызметті әуежай көрсетуі тиіс». Бірақ осы ережені растайтын құжатқа ешқандай сілтеме берген жоқ.

- Бұл арба ұшақтың бортында болуы тиіс, өйткені өз мүмкіндігі шектеулі жолаушының ұшу кезінде салонда қозғалуға, дәретханаға барып, мысалы, қол жуу үшін оның мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Сондықтан авиакомпаниялар клиенттердің ыңғайын өздері жасауы қажет. «Аэрофлот» әуе компаниясында мұндай арбалар бар, - дейді Атырау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Жаңыл ҮМБЕТЬЯРОВА. Ол біздің әуежайдың мүмкіндігі шектеулі ерекше жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысатынына сендірді. Өткен жылдың мамыр айында амбулифт сатып алынды, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған бөлмелер, нашар көретін адамдарға арналған арнайы тактильді жолдар бар, сондай-ақ оларға арнайы маңдайшалар орнату жоспарланып отыр. Арнайы енсіз арба сатып алу үшін ағымдағы жылдың бюджетінде қаражат қарастырылған. Ж.Умбетьярованың айтуынша, компания жақын арада арнайы арбалар алып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың орын алмауына барын салмақ. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

22 қаңтар 2020, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.