Атырау, 5 желтоқсан 10:58
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қыстаққа қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

9 816 рет қаралды

Интернеттен алынған көрнекі сурет

10 қаңтарға қараған түні Индер ауданындағы малшы қыстағына қарақшылық шабуыл жасалды.

Есбол ауылынан 5 шақырым жердегі «Өмірәлі» қыстағына бетперде киген екі ер адам  басып кіріп, үй иесін ұрып-соғып, байлап, 50 мың теңге ақша, ұялы телефон және аккумуляторды алып кеткен.

Қарақшылар кеткеннен кейін бостау байланған қолын шешіп, малшы полицияға хабарласады.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Индер аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсіп, бір тәулік ішінде Атыраудан ұстайды. Атырау және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары қамауға алынды. ҚР ҚК-ның 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қаңтар 2020, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.