Атырау, 15 қазан 18:31
 дождьВ Атырау +25
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда бір күнде жол ережесін өрескел бұзған бес жүргізуші ұсталды

Бейнежазба
127 рет қаралды

Атырауда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері арнайы рейд барысында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше дерегін анықтады. Бес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың автокөліктері айып тұрағына қойылды.

14 қазанда тексеру іс-шаралары кезінде тәртіп сақшылары бірнеше қауіпті жүргізушіні жаяуқалдырды:

  • BMW жүргізушісі психотроптық заттарды тұтынудан туындаған мас күйде көлік басқарған;

  • Daewoo жүргізушісі бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра рульге отырған;

  • Toyota, Lada және Chevrolet жүргізушілері жолда қауіп тудырып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Бес көлік иесіне қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық жиналған материал мен істер процессуалдық шешім қабылдау үшін Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.

Заң тәртібін бұзғандардың көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.


Бүгін, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.