Атырау, 15 қазан 15:28
 дождьВ Атырау +25.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Қазақстан мен Израиль: Бакудегі саммитте жаңа мүмкіндіктер ашылды

61 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 7-саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарға қосымша серпін бергенін атап өтті.

Өз кезегінде Израиль Президенті Қазақстанның даму қарқынына оң баға беріп, елдің түрлі салалардағы жетістіктері екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Сонымен қатар Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, мұны бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған маңызды үлес деп бағалады.

Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде де пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі ұстанымын растады.

Бүгін, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.