Атырау, 27 сәуір 21:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Мүгедектерді пайдаланып, тендер ұтады»

2 403 просмотра



Әлеуметтік ұйымдар арасында мүгедектер бірлестіктеріне ұсынылатын арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын жалған кәсіпорындар көп, – дейді Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төрағасының әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Алмас ЕРЖАН.

- Біздің елімізде көбіне өндіріс пен қызмет көрсету саласында  кәсіпкерлікпен айналысатын әртүрлі мүгедектер ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, ЖШС және ЖК тіркелген. Олардың арасында жалған кәсіпорындар өте көп. Осы мекемелердің атын жамылып, мемлекеттік сатып алу кезінде олардың жеңілдіктерін пайдаланып отырғандар адамдар бар. Тіпті мекемені құрған мүгедектердің өздері де бұл туралы ештеңе білмейді. Бұл салада ондаған миллиондар емес, миллиардтар айналымда жүр! – дейді өзі де арбаға таңылған А.Ержан.

Нәтижесінде қисынсыз жағдай туындайды. Яғни, нақты жұмыс істейтін кәсіпорындар тапсырыс ала алмай жүрсе, ал мүгедектердің атын жамылғандар майлы шелпек жеп жүр.  Бұл жағдай соңғыларының бағаны әдейі арзандататуына байланысты орын алып отыр. Логика қарапайым – жұмысы жүріп тұрған кәсіпорынға қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, қажетті заттар сатып алу, өндіріс алаңдары мен кеңсені жалға алуға төлейтін қаражат керек, сондықтан шынайы әрі нақты бағаны ұстап отыруға мәжбүр. Ал жалған кәсіпорынның ешқандай шығыны жоқ, көбінесе тендер шеңберінде өзіне алған міндеттерді орындамайды да,сондықтан ұсынылатын қызметтердің құнын оп-оңай төмендете салады. Ержанның айтуынша, жалған кәсіпорынды анықтау қиын емес. Ондай мекеменің қызметіне  шағымдар келіп түседі, сонымен қатар нақты орны, қызметкерлері жоқ, ал жұмыс көлемі тек қағазда ғана көрсетіледі.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төрағасының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Алмаз Ержан өткен жылдың күзінде кірісті. Осы лауазыммен аймақтардың ішінде Атырауға бірінші келуі. Біздің облысты кездейсоқ таңдамаған. Біріншіден, басқа аймақтардағыдай осы жердегі жалған кәсіпорындардың іс-әрекетіне шағымдар келіп түсті, екіншіден, Елордадан қашықтау орналасуына байланысты бұл өңірге ерекше назар аудару қажет.

- Менің міндетім – мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін жинап, оларды тыңдап, содан кейін ҰКП жанынан кеңес құру. Атырауға осы өңірден келіп түскен шағымдар мен жалпы жағдайды білу үшін ұшып келдім. Мүмкін, кейін басқа қалаларға да барамын. Жалпы барлық өңірлерден 200-ге жуық шағым түсті, - деп атап өтті ҰКП өкілі. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қаңтар 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.