Атырау, 15 қазан 15:55
 дождьВ Атырау +25.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

22 қазаннан бастап Ақтаудан Стамбұлға тікелей рейс ашылады

69 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

«FlyArystan» әуекомпаниясы 22 қазаннан бастап Ақтау мен Стамбұл арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады.

Алғашқы рейс орындалғаннан кейін, 27 қазаннан бастап ұшулар тұрақты кестеге көшіп, аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері қатынайды. 

Сейсенбі күндері әуе кемесі Ақтаудан таңғы сағат 08:40-та ұшып, Стамбұлға 10:35-те жетеді. Кері бағыттағы рейстің ұшу уақыты — Стамбұлдан 11:40, Ақтауға келу уақыты — 17:05. 

Ал сенбі күндері ұшақ Ақтаудан 08:35-те көтеріліп, Стамбұлға 10:30-да қонады. Кері бағыттағы ұшақ Стамбұлдан 11:15-те шығып, Ақтауға 16:40-та оралады (барлық уақыт жергілікті мәнімен көрсетілген). 

Бұл тікелей қатынас Маңғыстау тұрғындарына Түркияның ірі қаласына ауысып отырмай жетуге мүмкіндік береді.

Ақтау қаласы әуекомпанияның батыс өңірдегі басты хабы ретінде халықаралық маршруттарын кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді. Қазір бұл қаладан Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімші бағыттары бойынша рейстер қатынайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында аптасына екі рет (сәрсенбі және жұма) тікелей рейс ашу жоспарланған.

Ақтау – Стамбұл – Ақтау бағытындағы әуе билеттері сатылымға шықты. Оларды әуекомпаниясының ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады. Билет бағасына салмағы 7 килограмға дейін және өлшемі 56×23×36 см болатын бір қол жүгі кіреді. Ал тіркелген багаж, орын таңдау және борттағы тамақ қызметтерін билет сатып алу кезінде қосымша рәсімдеу қажет.

Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.