Атырау, 4 мамыр 03:10
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Коронавирус: қоғамдық орындардан аулақ болыңыздар

3 705 просмотра


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өзінің Facebook-тегі парақшасында азаматтар мен қонақтарды өз денсаулығын бақылап, қоғамдық орындарға бармауға шақырды.

- Атырау облыстық ауруханасы және №2 облыстық ауруханасы арнайы инфекциялық бөлімдермен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, аурухана қызметкерлері науқастарға жедел әрекет ету және емдеу үшін медициналық көмек көрсету бойынша арнайы оқу жаттығудан өтті. Ахуалды бақылауға алып отырмыз,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасы безгектің, жөтелдің, қатты суық тиюдің алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге немесе жедел жәрдемге қоңырау шалуға, басқа елден келетін болсаңыз, бұл туралы алдын ала хабарласуға, қоғамдық орындардан аулақ болуға, жөтелу немесе түшкіру кезінде бетіңізді маскамен немесе шарфпен жабуға, дене гигиенасын сақтауға кеңес береді.

Еске салсақ, Атырау халықаралық әуежайында ҚХР-да жаңа коронавирустың пайда болуына байланысты жолаушылар азаматтардың мұқият бақылауынан өтеді. Жолаушылар арнайы құрылғы - жылу өлшегіш көмегімен тексеріледі. Халықаралық рейстерге келген барлық жолаушылар міндетті медициналық тексерістен өтеді.  

Бүгінде өңірімізде короновирус ауруы тіркелген жоқ.

Қажет болған жағдайда немесе сұрақтарыңыз бен кеңестеріңіз болса, 8 (778) 007-20-21 және 8 (7122) 98-02-92 номерлері бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын Call Center Whatsapp ұйымдастырылды.  

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

26 қаңтар 2020, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.