Атырау, 28 сәуір 18:15
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Астрахандық шекарашылар Қазақстаннан шыққан фурадан Ресейге заңсыз өтпек болған 10 адамды ұстады

Бейнежазба
4 424 просмотра


Қалмақстан мен Астрахан облысы бойынша  РФ ФҚҚ шекара басқармасының қызметкерлері жүк көлігінен Қазақстаннан Ресейге өтпекші болған он шетелдікті тапты, -деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

- «Қараөзек» өткізу қосынында шекара арнайы қызметі Қазақстаннан Ресейге келе жатқан автокөліктің жүк бөлігін шекаралық рәсімдеу кезінде он шетелдік азаматты тапты. Олардың жетеуі ер адам, үшеуі әйел. Шетелдіктер мемлекеттік шекараны мата орамаларының арасына тығылып өтуді жоспарлаған, - деп баяндалады баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шетелдік азаматтар мен көлік жүргізушісі ұсталды. РФ ҚК-ның 322-бабы 2-бөлімі ("Кіруге рұқсаты жоқ шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың РФ-ға кіру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту") бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 

Баспасөз релизінде заңсыз ұсталғандардың азаматтығы көрсетілмейді, алайда олардың ТМД елдерінің бірінің тұрғындары екені белгілі. Хабарламада, сондай-ақ, бұл азаматтарға Ресей аумағына таяу арадағы бірнеше жыл бойына келуге тыйым салынғаны айтылған.


Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

РФ ФҚҚ шекара басқармасының баспасөз қызметінің суреті мен бейнежазбасы

27 қаңтар 2020, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.