Атырау, 4 мамыр 04:42
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда армян көліктерінің иелері әкімдік алдына жиналып, талаптарын қойды

5 477 просмотра



Бүгін, 26 қаңтарда, Атыраудағы Салтанат сарайы маңына шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге байланысты мәселелерді шешуді биліктен талап еткен 200-ге жуық жүргізуші жиналды.

Көлік иелерімен кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ пен қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ келді. Жиналғандар өз талаптарын қойды – олардың автокөліктерін тегін тіркеу немесе шетел нөмірлерімен тіркеусіз жүруге мүмкіндік беру. Автокөлік иелерін тыңдап алғаннан кейін Бисембиев олардың өтініштеріне билік 6 ақпанда жауап беретінін айтты.




Шенеуніктердің жауабына қанағаттанбаған наразылық білдірушілер облыстық әкімдік ғимаратына бет алды. Олар облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВПЕН кездесуді талап етті. Ондағылар өңір басшысы қазір іссапарда жүргенін айтты.

Митингке қатысушылардың бірінің айтуынша, одан әрі оларды Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ғимаратына шақырған. Залда ине шаншар жер болған жоқ. Бұл жерге қала әкімі Қайрат Оразбаев пен Атырау облысы полиция департаменті бастығының м.а. Берік АМАНГЕЛДІ келген.

- Президент Тоқаевтың автокөліктерді 2021 жылдың наурызына дейін уақытша тіркеу туралы мәлімдемесі біздің проблемамызды шешпейді. Көліктерімізді тіркеу үшін бізде ондай көп ақша жоқ. Еуразия экономикалық одақтың бәсекелестік бойынша блогының алқа  мүшесі Серік ЖҰМАНҒАРИН Армения - Еуразиялық одақтың мүшесі және тауарлар мен қызметтерді әкелуге кедергі келтіру заңсыз болатынына сендірген еді. Сондықтан біз сол елден көліктерді әкеле бастадық, - деді жиналыс қатысушылары. Осыған байланысты қала әкімі де, полиция бастығы да түсініктеме берген жоқ.

Ертең, 27 қаңтарда, қалалық әкімдікте наразылықтың көшбасшылары болған 5 адамды қабылдайды. Олар заңгерлермен бірге отырып, Президенттің атына өтініш-хат дайындайды.  Қазір бұл мәлімдемеге 300-ден астам адам қол қойды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Куәгерлердің бейнежазбасы

27 қаңтар 2020, 00:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.