Атырау, 6 желтоқсан 14:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ

Сурет
3 277 рет қаралды


Кезекті митингтен үш күн өткеннен кейін  «АЖ» тілшісі арнайы ХҚКО-ға барып, шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің ешқайсысы әлі өз көлігін тіркемегенін және сары нөмір алмағанын білді. Кедендік әкімшілендіру басқармасы бөлімінің бастығы Рүстем ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, осы уақыт ішінде оларға 80-ге жуық адам тек кеңес алу үшін ғана жолыққан.


Шетелдік көлікті уақытша тіркеу үшін не істеу керек?

- жеке тұлғаның куәлігі;

- бастапқы тіркеу үшін алым (салық кодексіне сәйкес, 2 жылға дейінгі жаңа автокөлік үшін – 663 теңге, 2 жылдан 3 жылға дейін – 132 550 теңге, 3 жылдан жоғары болса - 1 325 500 теңге);

- МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) дайындауға мемлекеттік баж  - 7423 теңге;

– көлік құралын тіркеу туралы куәлік алуға мемлекеттік баж – 3314 теңге.

Төлемдердің ішінде осы алғашқы тіркеу үшін алымға автокөлік иелері қатты наразы, себебі шетелден әкелінген көліктердің барлығы дерлік 3 жылдан асқан.  

Осы құжаттарды жинақтағаннан кейін ғана көліктің иесіне уақытша сары нөмір беріледі.

Айтпақшы, егер бұрын шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін олар Еуро-5 стандартына сәйкес келуі тиіс болса, енді Еуро-4 көліктерді де тіркеуге болады.

Қандай автомобильдер Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына жатқызылады?


Егер автокөлік иесі сары нөмір алса, 2021 жылғы 1 наурызға дейін  өз көлігін қазақстандық ретінде рәсімдеуі тиіс, ал ол үшін оған Қазақстанға әкелінген көліктерге салынатын утилизациялық алымды төлеуге тура келеді. Қозғалтқышының көлемі 1000 текше см-ден 2000 текше см-ге дейінгі автокөлік иесі 927 850 теңге, 2000 текше см-ден 3000 текше см-ге дейін – 1 325 500 теңге төлейді.

Ал егер армян немесе қырғыз нөмірі бар автокөлік болса, онда оған қоса кедендік төлемдер қосылады.

Уақытша тіркеу туралы куәлік көлікті 2020 жылғы 1 ақпанға дейін елге әкелгендердің барлығына беріледі. Егер 2021 жылғы 1 наурызға дейін сары нөмірлері бар автокөлік иесі утилизациялық алым мен кедендік төлемдерді төлеп, тұрақты тіркеуге тұрмаса, онда ол көлікті елден шығаруы тиіс.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суретті түсірген автор

4 ақпан 2020, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.