Атырау, 23 ақпан 07:26
Таңертең ашық+1, күндіз +6
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.16  € 406.18  P 5.90

Браконьерлер енді қатаң жазаланады

12 ақпан 14:12


Қазақстанда браконьерлік үшін жаза күшейтілді. Қылмыстық кодекстің осы бөлігіндегі өзгерістер туралы «АЖ» тілшісіне Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының табиғи ресурстарды қорғау бөлімі басшысының орынбасары Олег ТУШКАНОВ әңгімелеп берді.

Заңсыз аң аулау, заңсыз балық аулау «қолсұғушылық» санатынан «орташа ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды. Яғни, айтарлықтай зиян келтірмеген бірнеше мәрте браконьерлік үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы (бұрын 40 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы болды) қарастырылған. «Мүлкін тәркілеу» санкциясы енгізілген. Ал ақбөкендер мен бекіре тұқымдас балықтарды аулағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 5 жылға дейін болатын) жазасы беріледі.  

О.Тушканов жаңа квалификациялық белгілері қарастырылған: браконьерлік бірнеше рет жасалса; егер бұл әрекетті адамдар тобы жасаса; егер бұл әрекет ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса; егер бұл әрекетті өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған адам жасаған болса, ол бойынша жауапкершілік анағұрлым күшейетінін атап өтті.

Бұдан басқа, табиғат қорғау инспекторларын қорғауға баса назар аударылған. Инспектордың өміріне қол сұғушылық немесе зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілік құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты жасалған әрекеттерге жауапкершілікпен теңестіріледі. «Инспекторға шабуыл жасау» түсінігі де кеңейген:

- Бұрын инспекторға атыс қаруы қолданылып, шабуыл жасалған жағдайда ғана қару қолдануына рұқсат етілетін. Бірақ пышақпен, балтамен және басқа заттармен де шабуыл жасауы мүмкін ғой. Сондықтан «қарулы» деген сөз алынып тасталып, «шабуыл» ұғымы кеңейтілді.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

754 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3