Атырау, 23 қараша 10:41
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көп ұзамай түрмеде отырғандар азаяды

3 800 просмотра


Жақында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген түзетулерге байланысты Атырау УГ-157/9 мекемесінен (ерлерді түзету колониясы) таяу күндері 27 адам бостандыққа шығады. Бұл әлі соңғы көрсеткіш емес, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

- Бұрын тергеу абақтысындағы бір күн жазасын өтеу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне тең еді. Ал қазір тергеу изоляторындағы жағдай қатаң болғандықтан, онда болған бір күн орташа қауіпсіздік мекемесіндегі күн жарымға және қауіпсіздік жағдайы төмен мекемедегі екі күн болып есептеледі. Бұл жағдайда Заңның кері күші бар, тиісінше бірқатар сотталғандардың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі пайда болды. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін қазір 142 адам сотқа арыз жазды, - дейді УГ-157/9 бастығының орынбасары Жандос ЖҰМАШЕВ.

Бүгінде УГ-157/9-да 319 сотталған адам бар. 

Фархат ӘБІЛОВ

11 ақпан 2020, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.