Атырау, 28 наурыз 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ата-аналар жиналысына билік өкілі қатысты

Сурет Бейнежазба
3 452 просмотра


№1 жаңа мектеп ғимаратының құрылысы биыл басталу керек. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ ата-аналармен болған кездесуде мәлімдеді.

2017 жылы №1 Жұмабаев атындағы (бұрынғы Ленин) мектеп ғимараты апатты жағдайда деп танылған еді. Сол уақыттан бері билік жаңа ғимарат салмақ түгілі, ескісін әлі бұзған жоқ. Биліктің осынша уақыт созбалауы қалалықтардың арасында түрлі қауасеттердің шығуына себеп болды. Жекелей айтқанда, ата-аналардың мектеп орналасқан жер учаскесіне маңызды бір адамдар көз тігіп отыр деген күдігі болды. Оның үстіне осыдан бірнеше жыл бұрын ата-аналар комитеті мектепке тиесілі жерді жеке тұлғадан сот арқылы жеңіп алған болатын. Өткен жылдың жазында «АЖ» бұл туралы жазған еді.

№1 мектептің оқушылары осымен үшінші оқу жылдарын №18 мектепте үш ауысымда оқып жүр. Бұл оқу процесіне және балалардың білім сапасына қалай болғанда да әсер етері сөзсіз. Оның үстіне мектепке баратын жолдың өзі қолайсыздық тудырып отыр. Жаңа мектеп ғимараты құрылысының қашан басталатынына қатысты сұраққа жауап күтуден шаршаған ата-аналар биліктен талап ету үшін жиналды.


– Бастапқы кездері біздің балаларымыз №18 мектептің дәлізінде оқыды. Біздің мектебімізді апатты деп тану жөніндегі шешім аяқ астынан шықты және №18 мектептің әкімішілігі де бұған дайын болмады. Иә қазір де онда барлығына бірдей орын жетпейді, үш ауысымда оқып жатырмыз, балалар бір партада төртеуден отырады, турасын айтқанда, тізелеріне қойып жазып отыр. Бұл қашанға дейін созылады? – деп ашынады ата-аналардың бірі Маргарита ПОТАПОВА.

Жаңа ғимараттың  жобасы неге тағы да 160 балаға есептеліп отыр? Тіпті, екі ауысымда 320 бала оқиды дегеннің өзінде, іс жүзінде баланың саны одан көп қой. Ресми цифр ештеңе шешпейді. Мен өзімнің үш баламды осы проблемалар басталғанда басқа мектепке ауыстырып алдым, ол мектепте де үш ауысымда оқиды.  Көбі сөйтті. Жаңа мектеп салынған соң, бәріміз де қайта ораламыз, - дейді Руслан КҮМІСҚАЛИЕВ.

 

Ата-аналардың сауалына әкім орынбасары Ұлықбек Тінәлиев жауап берді.

– Ескі мектепті бұзу және жаңа ғимарат құрылысын бастау мемлекет реттейтін нақты бір тәртіп бойынша жүргізіледі. Әрбір рәсім 45 күнге созылады. Мемлекеттік техникалық сараптама мектепті апатты деп танығаннан соң, қала әкімінің мектепті бұзу жөніндегі қаулысы шықты. Алдымен біз жобалау-сметалық құжаттарды дайындау үшін қаржы сұрадық, кейін оны әзірлеу жұмыстары жүргізілді, осы жылдың қаңтар айында ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтті. Енді ғимаратты салуға қаржы бөлу және мердігер таңдау ғана қалды. Құрылыс мерзімі келісімшарт жасалған күннен 12 айға созылады. Сіздерге нақты мерзімін қазір айта алмаймын, бірақ құрылыс жұмыстары биыл басталады деп сендіремін, - деді әкім орынбасары.


Жер учаскесіне келетін болсақ, Ұ.Тінәлиев учаскенің мектепке тиесілі екенін және оған ешкімнің де таласы жоғын айтып ата-аналарды сендірді. Дегенмен, 0,8 гектар аумаққа көп бала қабылдайтын ғимарат салу құрылыс нормалары мен ережелері стандарты бойынша мүмкін емес. Ғимараттан басқа асхана үшін жанама құрылыс және спорт алаңдары да кіруі керек. Енді мемлекеттік сараптамадан өткен жобаны ешкім де өзгерте алмайды.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазір Атырауда 12 мектеп 3 ауысыммен оқытып жатыр, олардағы жүктемені азайту үшін 6 жаңа мектеп салынуда. Олар Ақжарда 600 орынды 2 мектеп, Балауса  ықшамауданында (600 орынды), Береке (1200 орынды), Самал (600 орынды), Жаңаталап (300 орынды) және Дамбыда (300 орынды). Бұдан басқа, апатты деп танылған Жұмыскердегі Ғани Мұратбаев атындағы мектептің орнына жаңа мектеп бой көтеруде.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ     

11 ақпан 2020, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.