Атырау, 15 қыркүйек 16:08
 дождьВ Атырау +31
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Мотоциклмен қырға шығып, қаза болды

5 132 рет қаралды


Атырау облысының ТЖД құтқарушылары мотоциклмен мал іздеуге шығып жоғалған 48 жастағы ер азаматтың өлі денесін тапты.

-Туысқандары ол бір қыстақта түнеп қалған болар деп, уақытында хабарламаған. Хабар түскен бойда іздестіру амалдары жүргізілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Оның денесі Индер ауданындағы Жаманқұдық қыстағынан 2 шақырым жерден табылды. Мотоциклдің аударылғаны анықталды. Нақты неден өлгені сот-медициналық сараптама қорытындысынан белгілі болады. 

Фархат ӘБІЛОВ

11 ақпан 2020, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.