Атырау, 23 ақпан 06:07
Таңертең ашық+1, күндіз +6
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.16  € 406.18  P 5.90

Жылой колледжінің студенттері сыйлық алды Pr  

14 ақпан 19:57

Жаңа оқу семестрінде Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері тәжірибелік сабақтарға көп көңіл бөлді. Осы орайда, Қазақстандағы Compass Group компаниясының бөлімшесі ЮСС Супорт Сервисез оқу орнын 50 түрлі жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Слесарлық, жаттығу, моторлы-агрегаттық, дәнекерлеу, жөндеу, агрегаттық және электр цехтары қайта жабдықталды.


Марат Ыбыраев, колледж директоры: «Біздің ауданда 75 000 мың адам тұрады.  Айта кететіні, бұл осы аймақтағы кәсіптік-техникалық білім беретін жалғыз мемлекеттік колледж. 2007 жылы "Игілік" ЖШС әлеуметтік бағдарлама аясында бізге жаңа ғимарат салып берді. Енді ол жерді жаңа жабдықтармен толтыру өзекті мәселе болып отыр. 2021 жылы біз "Жас Маман" жобасына қатысуға ниеттіміз. Ол бағдарлама оқу орнын түгелдей дерлік жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектесе алады.»

 

ЮСС Супорт Сервисез компаниясы слесарьлар үшін мобильді құралдарды, құрастыру, өлшеу құралдарын, сондай-ақ колледж цехтарына орналастыратын қосалқы жабдықтарды сатып алып, колледжге сыйға тартты. Сонымен қатар, проектор мен проекциялық тақта, компьютерлік жинақтар, диагностикалық техникалар, автомобильді жөндеу кезіндегі ҚТ бойынша стендтер, автомобиль тренажері және т.б. саймандар орнатылды.

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде 432 студент білім алуда. Олардың 25% аз қамтылған отбасынан шыққан. Студенттер шәкіртақы алады және мемлекеттік қаражат есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекет жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсарту мақсатында компания, колледжге жаңа техникаларды сатып алуға көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқу ордасын тәмамдаған студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруда.

 


Ақбаян Қайырова, колледж студенті: «Мен бақылау-өлшеу аспабы және автоматика бойынша – слесарь» мамандығының екінші курс студентімін. Менің анам ЮСС Супорт Сервисез-те жұмыс істейді. Мен да болашақта осы компанияның қызметкері болғым келеді.» Ең қызығы, Мұнай және газ колледжінің 30-дан астам студенті ЮСС Супорт Сервисез компаниясы қызметкерлерінің балалары болып шықты. Демек, өндіріс ошағы білім беруді жақсартып, өңірді дамыту үшін ғана қолдау көрсетіп жатқан жоқ, өз адамдарын және олардың отбасыларына да ерекше көңіл бөліп отыр. Компания, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және т.б. бағдарламалар аясында қолдауды жалғастыра бермек.


Compass Қазақстан ЖШС бас директоры Николай Плещев: "Жұмысшылар мен оқу ордасында білім алушы тараппен байланыс орнату Compass Қазақстан  үшін өте маңызды. Оқу мазмұны да қазіргі нарықтың қажеттілігіне сәйкес болуы тиіс. Сондықтан, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжін қолдау кезінде, біз алдымен техникалық базаны жақсартуға көмектестік. Ал қазір тәжірибеден өту үшін жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігін қарастырудамыз.

Compass Қазақстан халықаралық компаниясының негізгі әлеуметтік-саяси бағыты – сапалы білімге қол жеткізіп, мұнай саласында жұмыс істейтін қазақстандықтардың санын арттыру. Мұндай салымдарды дамытуға ықпал жасап отырған негізгі мердігер мен сенімді серіктес Теңізшевройл. Компаниямен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырдық. Сол себепті, Compass Казахстан да  10 жыл бойы колледжбен ынтымақтастықта жұмыс істеп, түлектермен өзара байланыс орнатып келеді.  Компанияға жұмысшы алуды да жоспарлап отыр.

Теңізшевройл компаниясының ұстанатын басты қағидасы – қоғамға пайда келтіру. ТШО – әлеуметтік-жауапты компания. Кәсіпорын дәл осындай бағытта жұмыс істейтін серіктестер іздейді. Әлеуметтік жобаларды айқындау және ұйымдастыру үшін де бизнес-серіктестермен тығыз байланыс орнатып келеді. Сондай-ақ, олардың іске асырылу барысын ұдайы қадағалауда ұстайды.

Жылыой техникалық колледжіне жасалған инвестиция, жергілікті студенттердің білім деңгейін жақсартуға көмектесетін әлеуметтік маңызы бар жоба. Жабдықтар, студенттердің өз саласы бойынша практикалық білім алуына және білікті маман болып қалыптасуына септігін тегізеді. Бұл ТШО мен бизнес-серіктестердің елімізді дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жалғыз білім беру жобасы емес. Жобалар әртүрлі ауқымға ие: түрлі тақырыптар бойынша қарапайым мастер-класстардан бастап жұмыс орындарында ақы төленетін тағылымдамаға дейін. Жергілікті қызметкерлер үшін халықаралық деңгейде білім алу өте маңызды.  

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

894 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Комментарий беру ажыратылған

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3