Атырау, 19 сәуір 16:06
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сағыз бен Жем тасымайды, ал Жайықтың жайы бір қалыпты

4 460 просмотра


Биыл Сағыз бен Жем өзендерінде көктемгі өр суы келмейді. Бұл туралы Жайық-Каспий су шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИН хабарлады.

- Биыл Атырау облысының аумағында су қоры өте аз. Белгілі меженің 30%-ы ғана. Өзендері Жайықтың су деңгейіне әсер ететін Ақтөбе облысында су қоры жеткілікті мөлшерде, бірақ Ор мен Ойыл өзендерінде су мөлшері 40 пайыз төмен. Батыс Қазақстан облысында да су қоры қалыпты деңгейде, алайда мұнда да Жайыққа көп мөлшерде су құятын тармағы - Шаған өзенінің бассейнінде ылғалдық көпжылғы орташа көлемінен 45 пайызға төмен.

- Алдын ала белгілі мәліметтер бойынша, Ресей аумағындағы Жайық өзені бассейнінде өткен жылмен салыстырғанда көп мөлшерде қар жиналды. Ириклинск су қоймасының шамамен 30%-ы бос қалғанына қарамастан, су шаруашылығы мамандары биыл өзенге және су қоймасына судың жеткілікті екенін айтады.

- Қазақстан аумағы бойынша болжам – су аз болады. Ал ресейлік гидрологтарының қорытындысына келетін болсақ, су тасқыны бойынша нақты болжам ақпан айының аяғына қарай жарияланады, - деп түйіндеді Әзидуллин.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

11 ақпан 2020, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.