10 ақпанда туберкулезге қарсы аурухана маңындағы саяжайлар тұсында Атыраудың оң жақ жағалауынан Квадрат булану алаңына нәжіс суын жеткізетін негізгі кәріздік коллекторда апат орын алды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай күндіз болған. Мына суреттер түнгі 11-лерде түсірілген. Көріп отырғаныңыздай, тұрбадан су бұрқақша атылған, ал «Атырау облысы Су Арнасы» КМК қызметкерлері жарылған жерді қамытпен орамақ болды. Ағын су Сары өзекке кетіп жатыр.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК баспасөз қызметі хабарлағандай, апатты жөндеу бригадасы түн ортасында ауыздықтады.
Сарыөзек жағасындағы елді мекеннің тұрғындары тағы бір бейнежазба жіберді: олардың айтуынша, өзендегі су ашыған сүт сияқты болып кеткен және шабақтар бүйірімен жүзе бастаған. Мұндай жағдай ешқашан болған емес және бұл нәжістің төгілуіне байланысты дейді олар.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ:
- 2018 жылдың желтоқсанында Жайықта балық жаппай қырылғаннан бері экология департаментінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, балық шаруашылығы басқармасының және басқа да құрылымдардың мамандарынан құралған комиссия тұрақты жұмыс істейді. 11 ақпанда комиссия Сарыөзектегі жағдаймен танысты.
Бұл су айдыны уылдырық шашатын орын ретінде бағаланбайды. Зерттелген аймақта ондаған 3-4 сантиметрдей шабақтар табылды. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-не апат орнында қатып қалған нәжістерді жинап, жойып жіберу туралы нұсқау берілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет пен бейнежазбаны түсірген куәгерлер