Атырау, 26 сәуір 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

«Атырауда медициналық маскалар жеткілікті»

2 781 рет қаралды


Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қытайдағы коронавирустен  900-ден астам адам қайтыс болуына байланысты Атырауда медициналық маскалар жетіспейді деген ақпарат тарап жүр.

 Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

- Дәріханаларда демперде жетіспей жатыр деп үрейленуге себеп жоқ. Өйткені біз күнделікті медициналық бұйымдар мен демперделердің, сондай-ақ қала дәріханаларында вирусқа қарсы дәрілік заттардың бар-жоғына мониторинг жүргіземіз. Қазір Атыраудың барлық дәріханаларында демперделер жеткілікті. Департамент өз құзыреті аясында тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Демперде дәрі емес, өнім болғандықтан, олардың бағасын мемлекет реттемейді, - деп хабарлады Департамент.

Қаланың дәріханаларында бір реттік демперделер 20-25 теңгеден сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Қазақстан жергілікті өндірістегі медициналық демпердені экспорттауға тыйым салды.

Фархат ӘБІЛОВ

10 ақпан 2020, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.