Атырау, 23 қараша 07:14
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда коронавирус жұқтырған науқас туралы қауесет расталған жоқ​

Бейнежазба
4 111 просмотра


Әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазбада қоңырау шақыртуымен келген атыраулық «103» қызметінің дәрігерлері қорғаныш костюмін киіп алған.  Сол сәт үрей әкелген коронавирус  Атырауға жетіпті деген қауесет те тарап кетті.

- Бүгін күндіз, 26 ақпанда «103» пультіне Канцев көшесіндегі пәтерлердің бірінен қоңырау түсті. Жақында Таиландтан оралған әйелдің дене қызуы көтерілген екен. Қауіпсіздік мақсатында бригада оны мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің орынбасарының коронавирус туралы қаулысына сәйкес, Атырау облыстық №2 ауруханасының оқшаулау бөліміне жеткізді. Пациентке респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Аса қауіпті вирус белгілері анықталмады. Айта кету керек, Атырау облысында коронавирус ауруы тіркелген жоқ, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, Сарыөзектегі туберкулезге қарсы диспансер коронавирус анықталған жағдайда, сондай-ақ анализ жасау кезінде ықтимал пациенттер үшін изолятор ретінде ұйымдастырылған болатын. Қазіргі уақытта ол жерде  жақында Қытайдан оралған студент бар.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

27 ақпан 2020, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.