Атырау, 23 қараша 07:25
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырауда коронавирус жұқтырғандарға арналған изолятор ашылды, бірақ ол бос тұр»

3 169 просмотра


Тауар және қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ Атырауда 5 адам коронавирус күдігімен оқшауландырылды деген әлеуметтік желідегі пайда болған қауесетті жоққа шығарды.  

- Бүгінде Атырау облысы бойынша коронавируспен ауырған бірде-бір адам жоқ. Алдағы уақытта та болмасын деп тілейік, - дейді А.Жұмағалиев. Оның айтуынша, облыстық туберкулезге қарсы аурухана базасында коронавирус жұқтыру күдігі бар тұлғаларды 14 күнге бақылау үшін уақытша госпиталь (изолятор) ашылған. Бірақ ол қазір бос тұр.

Қазір шетелдіктер тұратын атыраулық тұрғын үйлер кешенінің бірінде шетелдік компаниялардың бірінің қызметкері - италиялық азамат карантинде екен. Оған пәтерден шығуға және компанияның басқа қызметкерлерімен еркін араласуға тыйым салынған, тамақты әкеліп, есігінің алдына қалдырып отырған көрінеді.

- Иә, мен Италия азаматына қатысты жағдайды естідім. Бірақ бұл коронавирус тіркелген елден келген қызметкері үшін компанияның өз бастамасымен белгіленген карантин, - деп түсінік берді А.Жұмағалиев.  – Бұл ол адам вирус тасымалдаушы деген сөз емес, тек компанияның осылайша қауіптен сақтанып отырғандығы деп түсіну керек.

«АЖ» мәліметі бойынша, италиялықтың өзі бұл жағдайға наразы, карантиннің аяқталуын күтпестен еліне қайтпақшы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 ақпан 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.