Атырау, 23 қараша 06:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тағы да электр қуатын өшіру туралы

3 142 просмотра


ҚР Энергетика министрлігі «АЖ»-ға электр энергетикасы туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты арнайы түсініктеме берді.

1. Жеке тұлғаларды электр қуаты көзіне қосу шартын жасау рәсімі жеңілдетілді. Бұрын тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға 9 түрлі құжат ұсынатын және сол құжаттардың бірқатарын энергия беруші ұйымнан алатын. Енді ол тек энергия беруші ұйымға барып, 5 түрлі құжат тапсырады.

2. Электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін тұтынушыны ажырату туралы хабарлау тәсілі өзгерді. Бұрын тұтынушы тек жазбаша ескертілетін және міндетті түрде оған қол қою қажет еді. Енді тұтынушылар бережақ үшін өшірілетіні туралы хабарламаны 30 күнтізбелік күн бұрын өздерінің таңдауы бойынша электрондық пошта, SMS-хабарлама немесе қолданыстағы мессенджерлер арқылы алады.

Шартты түрде тұтынушы 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін электр энергиясын тұтынады, энергиямен жабдықтаушы ұйым 15 ақпанға дейін есебін шығарады және тұтынушының оны 25 ақпанға дейін төлеуге уақыты бар. Егер уақытында төленбесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым 30 күнтізбелік күннен кейін электр қуаты ажыратылатыны туралы хабарлама жібереді.

Аталған ережелер олар қолданысқа енгізілгенге дейін болған шарттық қатынастарға қолданылмайды, яғни тұтынушы жаңа шарт жасамаса, бұл өзгерістердің оған қатысы жоқ.

Өз кезегінде электр қуатымен қамту шарттары қолданыстағы шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін қайта жасалады. Шартты қайта жасау туралы өтініш бермеген тұтынушыларды ЭҚҰ электрмен қамту туралы шарт жасасқан кезде қолданылған тәсілмен хабардар етеді. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 ақпан 2020, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.