
- Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдеу зауытын салу еліміз үшін маңызды жоба, ол кен орнында мұнай өндіруді 12 млн тоннаға арттыруға, сондай-ақ құрылыс кезеңінде 2800 уақытша (құрылыс кезеңінде) және пайдалануға берілген соң 600 тұрақты (пайдалану кезеңінде) жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, — деді А. Мамин.
Үкімет басшысының айтуынша, зауыт өнімі ішкі және сыртқы нарықтарға шығарылады.
Жобаны 2021 жылдың соңына дейін Мақат ауданында, «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде және Ескене темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде іске асыру жоспарланған. Жобалық қуаттылығы — жылына 1 млрд текше метр. Инвесторы — «GPC Investment» ЖШС. Инвестиция көлемі - 860 млн АҚШ доллары.
Премьердің Атырауға сапары аясындағы осы және басқа да шаралар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтіп жатыр.
Естеріңізге салсақ, газ өңдеу зауытының құрылысы туралы алғаш рет 2019 жылдың қыркүйегінде ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат ЖҮРЕБЕКОВ мәлімдеген еді. Ал кейінірек сол кездегі бірінші энергетика вице-министрі, Атырау облысының қазіргі әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл жаңалықты растады.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
В Атырау +1