Атырау, 29 наурыз 20:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраулықтар Дулат Ағаділмен қоштасты

4 940 просмотра


Бүгін, 27 ақпанда, Атырауда оннан аса жергілікті азаматтық белсенді облыстық орталық мешіт жанына жиналып, 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділді еске алып, қоштасу рәсімін өткізді.   

Таңертең құқыққорқаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВА мен оппозиция белсендісі Әлібек МҰСАҰЛЫН полицейлер үйлерін торуылдап, ұстауға әрекет етіпті. Алайда адамдар мешітке жиналып, марқұмға дұға бағыштады.

Естеріңізге салсақ, бүгін Нұр-Сұлтаннан 28 шақырым жердегі Талапкер ауылында 25 ақпанда тергеу изоляторында, полицияның айтуынша, «жедел жүрек жетіспеушілігінен» көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жергілікті мешітте болған жаназа намазына мыңнан астам адам жиналған. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

27 ақпан 2020, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.