Атырау, 23 қараша 06:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ноғаев өңірлік энергия жүйесін тексерді

2 614 просмотра


Атырау облысына жұмыс сапары барысында Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ өңірлік энергия жүйесі нысандарын аралады.

Атырау ЖЭО-да министрді кәсіпорынның электр қуатын кеңейту барысымен таныстырды. Инвестициялық жоба 2007 жылы іске асырыла бастады және бірнеше кезеңдерден өтті. Қосымша турбоагрегаттарды, қазандарды орнату, бу жүктемесін ұлғайту өндірілетін электр қуатын 215 МВт-тан 474 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік берді, - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Қуаты 60 МВт болатын тағы да екі турбоагрегат орнату жоспарланып отыр.

Ноғаев атап өткендей, жаңа станциялар Атырау облысы экономикасының энергетикалық қуатын арттыруға мүмкіндік береді. 

Энергетика министрі танысқан келесі объект - «SagatEnergy» ЖШС. 2016 жылы іске қосылған, қуаты 10 МВт болатын электр станциясы Каспий құбыр желісі консорциумының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кәсіпорында қосымша орнатылған қуаты 30МВт электр станциясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мамандардың мәліметі бойынша, KEGOC қосалқы станциясына жақын орналасқан икемді жүктеме мүмкіндігі бар жаңа газпоршеньді станциясы бүкіл Батыс энергия торабы жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 ақпан 2020, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.