Атырау, 23 қараша 07:36
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраулық компаниялар қытай мамандарын шақыртудан бас тартты

3 476 просмотра


25 ақпанда Бейжіңнен Мәскеу арқылы Атырауға 9 қытайлық маман келу керек еді. Оларды «Матен петролиум» АҚ, «Кожан» АҚ және «Praxses» компаниясы шақыртқан. Жұмыс берушілер коронавирустың алдын алу мақсатында олардың қызметінен уақытша бас тартуды шешті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВАНЫҢ айтуынша, дәрігерлер шақыртудың қайтарылғанын білсе де, сол рейсті күтіп алды.

Қаңтардан бастап Атырауда 269 адам карантиннен өтті. Оның ішінде 71 шет ел азаматы, қалғаны облыс тұрғындары. Қазір карантиннен 11 адам өтуде: шет елден келген 2 Қытай азаматы және 9 өз азаматымыз.

- Олар өз үйлерінде, дәрігерлер күнбе күн олардың жағдайын тексеріп тұр. Коронавирустың алдын алу үшін дәрі-дәрмек алуға, бір рет пайдаланатын демперде, медициналық халат, резеңке қолғап сатып алуға 38 млн-нан астам теңге бөлінді. Осы шараға облыс қосымша 1 миллиард теңге сұратты. Себебі, ереже бойынша, өңірімізде бұл вирус пайда болған жағдайда бізде қажетті заттардың барлығы екі айға жететіндей қор болу керек, - дейді Г.Таңбаева.

Естеріңізге салсақ, облыстық туберкулезге қарсы орталықта 60 кереуетке провизор орталығы (оқшаулау орны) ашылды, сонымен қатар №2 ауруханада 40 блок, облыстық аурухана және облыстық балалар ауруханасында орындар дайын тұр. Сарыөзекте провизор орталығының ашылуы сол жердің тұрғындарының ашуын туғызды. Бірақ, Таңбаеваның айтуынша бұл оқшаулау талаптарына сай келетін, яғни күзетілетін және бөлек тұрған жалғыз ғимарат. Атыраудағы басқа стационардың барлығы тұрғындар көп шоғырланған ықшамаудандарда орналасқан. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

27 ақпан 2020, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.