Атырау, 4 сәуір 16:48
Кешке ашық+8, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 447.60  € 489.41  P 5.71

Спорт жаңалықтары

26 ақпан 16:09

САМБО


Минскіде  Беларусь Президентінің жүлделері үшін «А» санатындағы халықаралық турнир өтті. Жарысқа көптеген елдерден 300-ден астам мықты самбошылар қатысты.

Турнирдің алғашқы күнінде спорттық бөлімде атыраулық спортшылар Әбу Аманжан (52 келіге дейін) және Парасат Жұмабай (62 келіге дейін) алтын алқамен марапатталды. Сол күні жекпе-жек бөлімінде Еркебұлан Қуанғалиев алтын алқа, Серікжан Түсіпов күміс алқаны жеңіп алды.

Жарыстың екінші күні тағы бір спортшымыз Айдынбай Қайырберді күміс алқа жеңіп алды. Нәтижесінде облыс құрамасы 3 алтын және 2 күміс алқаны қоржындарына салды.


ОҚ АТУ САЙЫСЫ

Атырауда Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен колледж оқушылары арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша облыс біріншілігі өтті.

Өз жас санаттары бойынша Ердәулет Сабыржанұлы, Асылай Амангелдиева, Ринат Жәрдемханов және Венера Нариманова үздік шықты.


ФУТЗАЛ

Нұрсая ықшамауданындағы жаңа спорт кешенінде ардагерлер арасында Әнуар Кәкішевті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге 6 команда қатысты, ойындар шеңбер жүйесі бойынша өтті. «Махамбет» командасы жеңімпаз атанды.


ФУТБОЛ

2019 жылғы маусым бойынша Атырау облысы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Чемпионатқа 8 команда қатысты. «Нұрберген» командасы алтын алқа, «Жилгородок» командасы күміс алқа, «АМӨЗ» командасы қола алқа алды. Қақпашы Хангерей Мұхамбетов («Достар»), қорғаушы Дархан Асанов («АМӨЗ»), жартылай қорғаушы Аян Жолдыбаев («Жилгородок»), шабуылшы Бейбіт Тәтішев («Достар»), ең пайдалы ойыншы Нұржан Көкалов («Нұрберген»), үздік ойыншы  Нұрсұлтан Олжағалиев («Нұрберген») турнирдің үздік ойыншылары атанды.


КҮРЕС

Таразда нашар еститін спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел чемпионаты өтті. Бапкер Әнуар Өткелбаев жетекшілік еткен Атырау облысының құрамасы осы турнирде 1 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды.

86 келіге дейінгі салмақта Әлібек Құсайынов грек-рим күресінен екінші орын және еркін күрестен үшінші орын иеленді.  Павел Базматерных (60 кг дейін) пен Жанатбек Әбілтаев (55 кг дейін) еркін күрестен қола алқаға қол жеткізді.


ДЗЮДО

Тбилисиде парадзюдодан Әлем Кубогы өтті. Онда Токиода өтетін Паралимпиадасына лицензия алу үшін рейтингтік ұпайлар берілді. Бұл жерде атыраулық спортшы Дәулет Теміржан (73 кг дейін) керемет жетістікті көрсетті.

Алғашқы жекпе-жекте ол әзірбайжандық Хазиевті жеңіп, содан соң украиналық Котенкодан басым түсті. Жартылай финалда германиялық Коонхаспен болған айқас тартысты өтті, бірақ мұнда да Дәулет жеңіске жетті. Ал финалда ол испандық Гавилан Лорензоны жеңіп шықты.

* * * * *

Нұр-Сұлтан қаласында 2005-09 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында халықаралық «Орда-2» турнирі өтті.

Атыраулық қатысушылардан Әсел Русланова мен Дәмелі Асылханова сайыс жеңімпаздар, Інжу Жұмажан мен Алмаз Жанболат күміс жүлдегер атанса, Ақмарал Жолдасқызы, Көркемай Бисенбай, Дидархан Ғайнеден, Мирас Райымбекұлы, Шахир Амангелді, Әсемай Әсетқызы, Адина Эсенова мен Нұрзила Қадыр қола жүлдеге қол жеткізді.


ЕРКІН КҮРЕС

«Жайық» ДСК-де еркін күрестен 2005-07 жылғы жасөспірімдер арасында Б. Ақмұрзиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Сайысқа 300-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде, Ресей спортшылары да бар.

Турнир иелерінің өкілдері арасынан өз салмақ дәржелері бойынша Арсен Еркінов, Наурызбек Алпысбай және Айдын Бекбаев жеңімпаз болды.

* * * * *

Өскенменде 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшы Сырбаз Талғат финалда 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир иелерінің өкілі Олжақановтан басым түсіп, алтын алқа иеленді.


БОКС

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 2006-07 жылғы жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевты еске алуға арналған ҚР Батыс аймақтық біріншілігі өтті.

Жарысқа батыстың 4 облысынан 134 жас боксшы қатысты. Бас бапкер Айбек Нысанбаев жетекшілік ететін Атырау облысының құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 7 қола алқа жеңіп алды.

40 келіге дейінгі салмақта Марат Әнуарбек біріншіліктің жеңімпазы атанып, сонымен бірге ол турнирдің үздік боксшысы деп танылды. Күміс жүлдегерлер - Алмас Хиникин (33 келіге дейін) және Жандос Алпысбаев (58 келіге дейін), қола жүлдегерлер - Сембай Нұрболат, Асылбек Тәжібай, Төлеген Мирас, Дінмұхаммед Дүйсенбай, Айтуар Жеңісбай, Нұрлыжан Маратов және Альберт Қажиетов. Турнир нәтижесінде атыраулық 6 боксшы наурыз айында Шу қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

* * * * *

Кривой Рогта Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Асауленконы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Оған Украина, Армения, Молдова, Израиль және Қазақстаннан 130 спортшы қатысты. Мұнда Атырау облысының ересектер құрамасы 4 қола алқа жеңіп алды: Олжас Байниязов (52 келіге дейін), Нартай Ибадолла (57 келіге дейін), Райс Нұрқанат (75 келіге дейін) және Еркін Мұхамеджан (91 келіден жоғары).


КАРАТЭ

Словакия астанасы Братиславада жастар арасында каратэ-до бойынша турнир өтті. Олимпиадалық резервтегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Руслан Бекзат 68 келіге дейінгі салмақта жеңс тұғырынан көрінді.

Бекзаттың салмағында 49 спортшы күш сынасты. Бекзат 6 жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда Әзірбайжан өкілінен басым түсті.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

438 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: